(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі  Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

19.07.2018

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі  Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая 2» ТК, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, a.akim@astana.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) директоры – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты  92 201 (тоқсан екі мың екі жүз бір)  теңгеден  111 845 (жүз он бір мың сегіз жүз қырық бес) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Басшылық өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді, қабылданатын шешімдердің салдарлық жауапкершілігін, мекеме мүлкінің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын мойнына жүктей толықтай отырып, заңнамаларға сәйкес жүзеге асырады. Мекемені басқарудың құрылымын белгілейді, штаттық кестені бекітеді. Мекеме іс-қызметін ағымдық және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Бөлінген бюджеттік қаржыны және сонымен бірге өзге қаржыландыру көздерінен түскен қаржыларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Кадрларды жұмысқа қабылдау, таңдау және орын алмастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мониторингін жүргізу, коммуналдық тұрғын үй қорының және Мекеменің тұрғын үй қорының теңгерімдік күтілуін қамтамасыз ету, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе Мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша шарттарды жүргізуді бақылауды жүзеге асырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «ҚР неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ тұрғын үй саласында нормативтік құқықтық актілер және шаруашылық-қаржылық қызметтерді ұйымдастыру; салықтық, бюджеттік және экологиялық заңнамалар; ұйым қызметкерлерін басқарудың теориясы мен практикасы; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелері мен нормалары.

Біліктілік талаптары: жоғары (құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар) білімі және 5 жылдан кем емес жалпы жұмыс өтілі және 1 жылдан кем емес басқарушылық лауазымдағы жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 бөлме мекенжайы бойынша «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ге интернет-ресурста хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.