(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының өндірістік мәселелер бойынша орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

19.07.2018 

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының өндірістік мәселелер бойынша орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая 2» ТК, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, a.akim@astana.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының өндірістік мәселелер бойынша орынбасары (бұдан әрі – Мекеме) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 87 600 теңгеден 106 182 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалданған тұрғын үйге және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ҚР азаматтарына мониторинг жүргізу мен тіркеуді талдауды қадағалайды. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мен жекешелендіру мәселесі бойынша материалдарды уәкілетті органға енгізуге даярлау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалданған, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарттарының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру шарттарының, мекеменің ведомстволық мұрағатындағы басқа да шарттардың телнұсқасын беруде бақылау мен тіркеуді, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттарға түзетулер енгізу, мағынасын ашуды қамтамасыз етеді. Тұрғын үйді нысананы пайдалануда жалдау ақысын енгізу жөніндегі жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалданған, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға берушілердің міндеттемелерін орындауға мониторинг жүргізуді бақылауды жүзеге асырады. Өзіне бағынысты қызметкерлердің мекеме қызметінің перспектикалық және ағымдағы жоспарларын құрауға қатысуын ұйымдастырады.

Білуге тиіс: Тұрғын үй қатынастары, ұйымның құрылымы және оны дамыту перспективаларын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Азаматтық- процесстік кодексі, мекеменің әлеуметтік дамыту басымдықтары, болашағы, стратегиялары, мекеменің қызметіне қатысты өзге де мемлекеттік органдардың әдістемелік және басқа да материалдары, мекеменің кадр ресурстары, мекемені заманауи әдістермен басқару, стратегиялық жоспарлау, еңбекті қорғаудың ережесі мен нормалары, тіркеу жүргізу мен мекеменің қызметі бойынша есепті жасаудың тәртібі, мекеменің жарғысы, есеп саясаты, мекеме еңбек тәртібінің ережелері, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулық.

Біліктілік талаптары: Жоғары (құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар) бiлiмі және 3 жылдан кем емес жалпы жұмыс өтілі және 1 жылдан кем емес басқарушылық лауазымдағы жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 кабинет мекенжайы бойынша «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ге интернет-ресурста хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.