(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әкімшілік-қаржы мәселелері бойынша орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

19.07.2018 

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әкімшілік-қаржы мәселелері бойынша орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая 2» ТК, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, a.akim@astana.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әкімшілік-қаржы мәселелері бойынша орынбасары (бұдан әрі – Мекеме) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 87 600 теңгеден 106 182 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларды өнеркәсіптік санитария мен өрт сөндіру ережелеріне және нормаларына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ жабдықтардың  жұмысқа қабілеттілігін бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлмелерді жөндеуді қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын сапалы орындау жұмыстарын ұйымдастырады. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін жиһазбен, және басқа құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың қауіпсіздігін және уақытында жөндеу жұмыстарының жасалуын бақылайды. Материалдарды және экономикалық мақсаттарға бөлінген қаржыны ұтымды пайдалануды бақылайды. Территорияны жақсарту, көгалдандыру және тазалау жұмыстарын басқарады. Тұрақты тұсаукесерлер, кездесулер, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларға арналған техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Өртке қарсы мүліктердің дұрыс жұмыс жасауларын және өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртіптемесінің, қауіпсіздік техникасы ережелерінің, әкімшілік-шаруашылық бөлім қызметкерлерінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылайды. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік  сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге бақылауды жүзеге асырады. Басқарма қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады. Бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік ақпараттың деректер қорын жүргізуге және сақтауға, қалыптастыруға бақылауды жүзеге асырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері және ұйымның құрылымы және оны дамыту перспективалары, тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемесі, баға қалыптастыру негіздері, сатып алынатын жабдықтар мен керек-жарақтардың стандарттары мен техникалық шарттары, оның жұмыс қағидаттары, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есептеу тәртібі, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймаға салу ережесі мен тәртібі, есептеуіш техника, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану ережесі, басқару негіздері, салық заңнамасының негіздері, шығыстар сметасын жасау тәртібі, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі, жабдықтарды, жиһазды, керек-жарақтарды, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу тәртібі және қызметтер үшін есептесулерді ресімдеу, қол еңбегін механикаландыру құралдары, қызметкерлерді ұйымдастыру және басқару негіздері, экономика және өндірісті, еңбекті және еңбекті басқаруды ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілік талаптары: Жоғары (құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес) бiлiмі және 3 жылдан кем емес жалпы жұмыс өтілі және 1 жылдан кем емес басқарушылық лауазымдағы жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 кабинет мекенжайы бойынша «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ге интернет-ресурста хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.