(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2018 жылғы бірінші жартыжылдық  корытындылары бойынша ақпарат

Басқарманың маңызды міндеттері – нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Астана қаласы халқының әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясаттты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқармасымен 22 түрлі, оның ішінде: Баламалы негізде «ХҚКО» РМК филиалдары және «Электрондық үкімет» веб-портал арқылы 17 түрлі, баламасыз негізде Басқарма арқылы- 1, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы- 2, Мемлекеттік корпорация арқылы -2 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Жыл басынан Басқармамен 75069 мемлекеттік қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорациясымен – 15144, мемлекеттік орган арқылы – 58069, оның ішінде 21559 ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 1856 қызмет көрсетілді. Жұмыспен қамту саласында – 19722, көші-қон саласында– 3459 қызмет, әлеуметтік салада – 42277, тұрғын үй саласында- 9611 қызмет көрсетілді.

Электронды форматта көрсетілетін қызметтердің саны 28% -ды құрайды.

2018 жылы 120 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтылу жоспарлануда, оның ішінде 82573 жасы бойынша зейнеткерлер, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 90, 24148 мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде – 4644 мүгедек балалар, 10386 – көп балалы отбасылар, 4404 -«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілері бар көп балалы аналар, 5 мыннан астам – аз қамтылған азаматтар

2018 жылдан бастап алдыңғы көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмектің орнына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек – бірыңғай жәрдемақы енгізілді, көмекті алуға азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы кеңес беруді, құжаттар қабылдауды, төлемдерді тағайындауға шешімнің қорытынды жобасын дайындауды, жұмысқа орналасуға қатысу үшін әлеуметтік келісім шарт жасасуды және әлеуметтік келісімшарт талаптарын іске асыру бойынша отбасыларды ертіп жүруді қамтамасыз ететін бірыңғай операторы болып табылады.

Жаңа форматтағы АӘК көрсету үшін бірыңғай критерийі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан 50% (15 531 теңге) төмен орташа жан басына шаққандағы табысының болуы табылады.

Ағымдағы жылдың басынан жаңа форматтағы АӘК тағайындау бойынша 10770 адамға кеңес берілді. АӘК 642 отбасыларға, оның ішінде 3203 адамға, шартты ақшалай көмек 285 отбасыларға, оның ішінде 1685 адамға, шартсыз ақшалай көмек – 357 отбасыларға, оның ішінде 1518 адамға тағайындалды.

Оңалту қызметтер 8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрсетілді.

Басқарма стационар, соңдай-ақ жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 8 ведомствоға қарасты мекемелерінің қызметтерін үйлестірушісі болып табылады:

«Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (365 адам қамтылды);

– «Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (292 адам қамтылды).

– «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (309 адам қамтылды);

– Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған алдамдарды әлеуметке қосу орталығы» КММ (1236 адам қамтылды);

– Қарттарға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы (2724 адам);

– «Үміт» дағдарыс орталығы (139 адам, оның ішінде 47 әйелдер);

– Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (1131 адам).

– Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерімен жалпы қамтылған тұлғалардың саны 3741 адамды құрады.

Үкіметтік емес ұйымдармен арнаулы әлеуметтік қызметтерімен 238 мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар қамтылды.

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

         2012-2017 жылдар аралығында 1106 объект паспортталды, 552 объект, оның ішінде мемлекеттік қорынан 143 объект және кәсіпкерліктің 388 объектілері қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.

Жұмыспен қамту

Жұмыссыздықпен қарсы күрес бойынша белсенді шараларды қолдану жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2018 жылдың 2 тоқсан қорытындылары бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды (4,7% жоспарында). Елорда жұмыссыздық бойынша ең төмен деңгейімен көшбасшы позициясын иеленді, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3 %-ға төмен. Жастар арасындағы (15-28 жастағылар) – 4,6% (4,7% жоспарында) және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,7% (4,9% жоспарында) құрайды.

Еңбек нарығы жағдайының тұрақталуы шеңберінде 2017 жылға арналған Астана қаласының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешенді жоспары әзірленді, оның негізіне жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту бойынша шаралар енді. Мемлекеттік, үкіметтік және басқа да бағдарламалар бойынша жобаларды іске асыру және 24536 адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланған. 2018 жылдың алты айдағы қорытындылары бойынша орындау 56%-ды (13620 адам) құрады.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша хабарласқан санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 38,2 пайызды (51 пайыз жоспарында) құрады. Жұмыс іздеуде хабарласқандардыңм саны – 11329 адам, 4331– жұмысқа (2717- тұрақты орындар, 384 – жастар практикасына, 144 – әлеуметтік жұмыс орындарға және 1086 – қоғамдық жұмыстарға).

Есептік кезеңінің сонына есепте 6588 адам, оның ішінде 4068 жұмыссыз адамдар тұрды.

Астана қаласы бойынша тұрғын үй алу есебінде 48834 адам тұр.