(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

14.09.2018

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая 2» ТК, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, a.akim@astana.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері (бұдан әрі – Мекеме) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 883 теңгеден 101 757 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік қаражаттардың мақсатты қолданылуын қамтамасыз етеді, мекеменің қаржылық қызметін тікелей реттеуге байланысты құжаттардың дұрыс әзірленуіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін және бақылауды  қамтамасыз етеді. Қаржылық есептілік және бухгалтерлік есептің жай-күйін бақылау және мекеменің қызметі бойынша жедел, бухгалтерлік, статистикалық есептерді құруды қамтамасыз етеді. Белгіленген шығыстар сметасы шегінде мекемені ұстауға арналған қаражаттың түсуі мен жұмсалуын есепке алады және бақылауды жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бағдарламалар мен жобалар шегінде қаражатты игеруді есепке алуды жүргізеді. Тиісті мемлекеттік және басқа да органдарға ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдың есептердің ұсынылуын қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген мерзімде заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарайды. Өз міндеттерін орындауды мекеме директорының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшілер басшыларымен өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, «Салық және бюждетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативті құқықтық актілері, жоғары тұрған қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және басқа да материалдар, құралдар, азаматтық, қаржы, салық және әкімшілік-шаруашылық заңнама, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздері, ұйымның құрылысы, оның даму стратегиясы мен перспективалары, ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу ережелері, операцияларды ресімдеу тәртібі және есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, қаржы есептерінің нысандары мен тәртібі, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау, шаруашылықтың ішкі қорын анықтау әдістері, дебиторлармен және кредиторлармен есептесу ережесі, заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен басқа да шығындарды бухгалтерлік есеп шоттарынан шығару тәртібі, ақша қаражаттарына, тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу ережесі, тексерулер мен құжаттамалық ревизиялар ережесі, заманауи есептеуіш техника құралдары және оларды есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін қолдану мүмкіндігі, атап айтқанда салып есептемесі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламасы, бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың отандық және шетелдік озық тәжірибелері, қаржы есептілігінің халықаралық ұлттық стандарттары, қаржылық есептеме депозитарийімен жұмыс жүргізу машығы болуға тиіс, өндіріс технологиясының негіздері, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, еңбек заңнамасы.

Біліктілік талаптары: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және қаржылық бухгалтерлік жұмыс, оның ішінде кемінде басшылық лауазымында 5 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 кабинет мекенжайы бойынша «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ге интернет-ресурста хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.