(Қазақша) 2288

(Қазақша)  

 

ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Управление занятости
и социальной
защиты г. Нур-Султан

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Мейірім сыйлаған әлем» іс-шарасы

2018 жылдың 29 қазанында  Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің  кәсіби мерекесін жылдық есеп беру іс-шарасымен атап өтті. Бұл мереке ҚР Президентінің Жарлығымен 28 қазан – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып бекітілген еді.

Салтанатты іс-шараға Астана қаласы  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» басшысының орынбасары  С.О.Нұрғожина  келіп сала мамандарын мерейлі мерекемен құттықтап, өз жұмысында елеулі еңбек етіп жүрген  қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Атаулы іс-шарада орталықтың әлеуметтік қызметкерлер ән ұраны орындалып,

«Ностальгия» вокал тобының әндерін

мен қызмет алушы  балалардың өнерлерін  (ән айтып, би билеп, күй тартуларын) тамашаладық.

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар.

Келген қонақтарға жылсайынғы шығарылатын журналдың жаңашығарылымдары сыйға тартылды.

Бұл мереке қызметтік салада міндеті бойынша ғана емес, адал жүректің қалауымен мейірімділік, жақсылық жасай білетін адамдардың кәсіби мерекесі.

Әлеуметтік қызметкерлер жас пен кәріге көмек қолын созып,  сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен өмірге деген құлшыныстарын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған жандар.

Осынау жауапкершілігі мол қызметтеріңізде түсіністік, төзімділік пен шыдамдылық,  дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қызметтеріңіздің әрдайым бағалануына , жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз! Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!