(Русский)


(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

«Алтын күз береке айналам, Балаға мереке сыйлаған!»  № 13  бөлімшенің  оңалту іс-шарасы

15.10.2018ж.-26.10.2018ж. аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қызмет алушылары үшін оңалту іс-шарасы өтті.

Оңалту ем-шарасынан 46 қызмет алушы өтті. Он күндік ем-шара барысында  ата-аналарға әр түрлі қоғамдық, пайдалы, мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Оңалту  іс-шараның ашылу салтанатында ата-аналар мен балаларға @event_loona аниматорлар ұжымы жеміс таратып, ыстық ықыластарына бөленіп, көңіл мен қуаныш сыйлап, қарсы алдық.

Оңалту  іс-шарасына “Pchelomed” медициналық орталығының директор, врач-гинеколог  Танкинова А.А.,  “Үздіксіз білім беру” қоғамдық қорының басшысы Касиманова Г.Ж.,  №1 қалалық емxананың бөлім меңгерушісі Танлашева Ж.А, “Жұлдыз-ай” оңалту орталығының дефтолог маманы Қасенова Қ., Шабажанова Н.Т., Астана қаласы Басқару колледжінің шаш және бет әрлеу шеберлері орталығымызда қонақта болып, қызмет алушыларымыз бен олардың ата-аналары үшін оңалтудың пайдалы әрі қызықты өтуіне ат салысты.

Сонымен қатар “Күзгі сән” концерті өткізілді.  Концертте қызмет алушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би билеп, арнайы өздері жасаған көйлектерін киіп  сән көрсетті.

Оңалту іс-шаранң негізгі  мақсаты қызмет алушыларымызды қоғамға бейімдеп, әлеуметтік және экономикалық тәуелсіздікте мүмкін болатын барлық жетістіктерге қол жеткізулеріне көмектесу болды.