(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

27.11.2018

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая 2» ТК, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, a.akim@astana.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) директорының орынбасары (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне 09.02.2020 жылға дейін) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 87 600 теңгеден 106 182 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырылуын бақылайды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мәселесі бойынша ақпараттар мен материалдар даярлау, есептерді уақтылы орындау; қызмет салалары мен мамандықтар бойынша еңбек ресурстарына, ЖОО-мен, ТжКБ түлектердің болжамды саны туралы, кадрларға қажеттілік туралы болжамды ақпараттарды жинақтау және өңдеу; қызмет салалары мен мамандықтар бойынша жаңадан құрылған жұмыс орындарына мониторинг жүргізу; «Еңбек нарығы» ААЖ деректер базасында Бағдарлама қатысушылары туралы қажетті және уақтылы ақпараттарды пайдалану және енгізу; жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі қалалық Ведомоствоаралық комиссия отырысына материалдар даярлау; жұмыс берушілермен жұмыс іздеп жүрген адамдарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және аз қамтылған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру; қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыруға қатысуға өтініш білдірген жұмыс берушілерден өтінімдерді сапалы және уақтылы жинау; Бағдарламаға қатысуды аяқтаған қатысушыларды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс; елорданың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды есепке ала отырып қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру; жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып оқушыларын уақытылы және сапалы кәсіби бағдарлауды ұйымдастыру; сұрау салынатын органдарға есептер мен ақпаратты уақтылы тапсыру; жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін уақтылы қарау. Жиналыстарда, кеңестерде және басқа да іс-шараларда Орталықтың мүдделерін қорғайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және әлеуметтік жұмыстың теориясы мен әдістемесін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілер; мекеменің бейіні мен ерекшеліктері; әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика негіздері; ұйым қызметкерлерін басқарудың теориясы мен практикасы; өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелері.

Біліктілік талаптары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар, білім мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ұйымдарда басқару лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 кабинет мекенжайы бойынша «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ге интернет-ресурста хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.