8-705-645-06-38

8-705-645-06-53

8-705-645-06-71

8-705-645-06-92

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуі

2016 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде Астана қаласында балалар мен ата-аналарға – Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерінің  қызмет алушылары үшін мерекелік концерттер өткізілді.

Балаларды қорғау күнін мерекелеу күні «Жастар» мәдениет сарайында Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мен Астана қаласының Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ғаламат концерт өтті.

Мерекелік концертті Орталықтың қамқорлығындағылар – мүмкіндігі шектеулі балалар: Д. Өтекеев, Х. Харсиев, Д. Жұмағалиева, А. Малин, А. Елубай, М. Адияров дайындады. Өнерлерін көрсеткен балалардың таланттарына әрбір адам қызығушылықпен қарады. Бағдарламада аниматорлар қатысып, таңғалған балаларды қуантты.

Құттықтау сөздерімен Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Оспанов Ермек Сабырбекұлы және шақырылған қонақтар мен демеушілер сөз сөйледі. Жастар театрының шығармашылық ұжымымен «Ақыл патшасы» ертегісі қойылды.

Мерекеге әлемдік балет жұлдызы Анастасия Волочкованың қатысқандығын атап өту қажет. Оның мерекеге қатысуы балалардың ғана емес ата-аналардың да толғаныстарын тудырды.  Әр адамның автограф алуға және естелік суретке түсуге мүмкіндігі болды.

Осыған ұқсас мерекелер Астана қаласы әкімдігінің «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ, Астана қаласы әкімдігінің  «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қауіпі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің  «Қарттарға, мүгедектерге және мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы» ШЖҚ МКК өтті.

Мерекелеуді аяқтау барысында барлық балалар мен қонақтар үшін мерекелік тәтті дастархан ұйымдастырылды және барлық балаларға кәдесыйлар мен сыйлықтар табыс етілді.