(Русский)


(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдау туралы хабарлаймыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдау туралы хабарлаймыз.

 

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жекешелендіру құқығы жоқ, Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды.

Халықтың қалың жігін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен  «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген.

Осы Бағдарламаның шеңберінде «Жалға алусыз тұрғын үйді салу» бағыты ұсынылды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) келесі санаттар бойынша (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары,Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар,1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары,Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар,жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, көп балалы отбасылар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар) қабылдай алады.

Осы салалар бойынша құжаттарды қабылдау, Басқарманың 3-кабинетте іске асырылады, келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Достық көшесі 13 («Нұрсая-2 тұрғын үй кешені»).

Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға (Кеңсе сағат 8.30-дан 16.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар;

8) Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (2011 жылдың 15 желтоқсаннан бастап тұрған кезектегілер) әлеуметтік қорғау органынан күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 3,1 есе мөлшерін растайтын жиынтық табыстың есебін беретін анықтамасы. (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Достық көшесі, 13 үй, №11 үстел).

Қажет болған жағдайда, азаматтар «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қосымша құжаттар ұсыну немесе өтініш иесімен берілген мәліметтерді анықтау үшін шақырылуы мүмкін.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

2019 жылдың 10 қаңтардан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Жалға алусыз тұрғын үйді салу» бағыты бойынша құжаттарды қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Құжаттарды қабылдау Астана қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады, келесі мекенжай бойынша:

Астана қаласы, Р. Қошқарбаев көшесі 39.