Биылғы жылда біздің “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» үшін жақсы жаңалықтармен басталды.
2019 жылдың 26 қаңтарда Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 5-ші бөлімшесінің есептегі бүлдіршіндері Саяпов Данис пен Айгузова Жасмина күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер Гүлжан Ақылбекқызының жетекшілігімен Астана қаласы 3-і Халықаралық балалармен жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Сыйқырлы микрофон» байқауына қатысып бүлдіршіндеріміз жүлделі 1-орындарға арналған дипломдар мен кубоктар жеңіп алды.
Конкурсқа балалар өте көп қатысты және бәрі керемет дайындалған өз өнерлерінің шеберлері …бізде мүмкіндігімізді көрсетіп осы балалармен сахна төріне шығып бар өнерімізді салдық,- дейді әлеуметтік қызметкер Гүлжан Ақылбекқызы.
Гүлжан Ақылбекқызы Үздік ұстаз дипломымен мараппаталып және орталыққа арнайы Алғыс хат жолдады. Осындай жектістіктеріге жеткен № 5 бөлімшенің әлеуметтік қызметкері Г. Ақылбековнаны ұжымда құттықтап, «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» директорының міндетін атқарушы Е.Қ. Аманбайға Алғыс хат «Сыйқырлы микрафон» ұйымдастырушыларының атынан табыс етілді.