(Русский)


(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Әркімге де жылулық қажет

Әрбір өркениетті елде адам факторы әрқашанда басты орында тұратыны ақиқат. Ол үшін мемлекеттің арнайы саясаты да белгіленген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері осы тұрғыда көптеген игі істер атқарылып келеді. Атап айтсақ, Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің назарынан, күн көріске шамасы келмей, баспанасыз қалған, өмірлік қажеттігі бар құжаттарын жоғалтқан, қауҺарсыз жандар сырт қалмайды. Ол үшін мекемеде барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, қатты аяздарда ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі үзбей күшейтілген режимінде жұмыс жасайды.

Қазір қыстың қаһарына мінген  мезгілі, сақырлаған сары аяз ұласып тұр. Сондықтан барлық қалалықтардың есіне саларымыз, өмірлік қиын жағдайда қалған, қауһары жоқ адамдарды білсеңіздер, көрсеңіздер, олардың суық мезгілде   біздің мекемеге бойларын жылытып, уақытша паналаулары болатынын айтыңыздар, біздің сайтта орналастырған шұғыл телефон желісіне кезек күттірмей хабарласуларыңызды сұраймыз.

Біздің байланысымыз: Шұғыл желі номері: 87016548999

байланыс тел.: 53-16-48, 53-17-91

                                                 электрондық мекенжай: centr_08_01@mail.ru

                                                     сайт: Pomosh01.kz

                                                     мекенжай: Астана қ., И.Чехоев көшесі, 14 а