8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің Астана қаласы бойынша Дін мәселелерін зерттеу мамандармен кездесуі.

2016 жылдың 06 маусымында Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеушілік және аналитикалық Орталықтың (КДР МКС) өкілімен кездесу өткізді. 

Бөлім басшысы Новикава Галина Николаевна  және Астана қаласы бойынша  Дін мәселелерін зерттеу маманы Маликаждар Аблайхан баяндамаларын оқыды, анықтамалар берді.

Новикава Галина Николаевна

Маликаждар Аблайхан.

Атап айтар болсақ, «экстремизм» сөзіне жалпы түсінік берілді.  Экстремизм (от фр. Extremisme – шеттеу) деген мағына береді. «Шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Елімізде діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмнен төнетін қауіп-қатерлерге тосқауыл қоюдың тетіктері мен әдістері туралы , Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүргізіліп жатқаны туралы айтылды.

Кездесу соңында, «ата-аналарға», «жастарға» жадынамалар таратылды. Жадынамаларда  діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, сақтану жөнінде ақпараттық-насихат, үгіттеулер айқын көрсетілді.