(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әлеуметтік жұмыс бойынша орынбасары – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты  87 600 теңгеден 106 182 теңгеге дейін

24.06.2019 

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, электронды мекенжайы: a.akim@astana.kz  бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әлеуметтік жұмыс бойынша орынбасары – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты  87 600 теңгеден 106 182 теңгеге дейін

Негізгі функционалдық міндеттері: Қызметкерлердің қызметін, құрылымдық бөлімшелерін зерттеп және әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарына бақылау жасап, қызмет алушыларға медициналық және мәдени қызмет көрсетеді, олардың әлеуметтік – тұрмыстық қызметінің тиімділігін ұйымдастырады. Қызмет көрсетілетін азаматтардың әлеуметтік құрамын және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын талдайды, мұқтаждарға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бюджеттен тыс ықпал қаражаттарды тарту, әлеуметтік қажеттіліктерді дайындауды және қайырымдылық іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады. Әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң шығарушы және атқарушы биліктің жергілікті органдарының шешімдері мен қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді. Мекеменің қызмет жағдайын талдайды, әлеуметтік қамтамасыз етудің әдістері мен нысандарын жетілдіру бойынша директорға ұсыныстар енгізеді. Әдістемелік жұмыстарды зерделеу, жалпылау және жаңа әдістерін, әлеуметтік жұмыс бойынша қызметкерлердің біліктілігін  арттыру және жүйеге келтіру бойынша ақпараттық материалдар, әлеуметтік сұрақтар жөнінде әдебиеттерді жүйелейді. Бұқаралық ақпарат құралдары байланыс орнату, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Директор болмаған жағдайда міндетін атқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; ҚР неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және әлеуметтік жұмыстың теориясы мен әдістемесі; мекеменің бейіні мен ерекшеліктері; әлеуметтану, психология, педагогика негіздері; ұйым қызметкерлерін басқарудың теориясы мен практикасы; өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелері.

Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), білім) әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс өтілі кемінде           3 жыл немесе басшы лауазымдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 бөлме мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.