8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар мен I және II топтағы мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін №3 бөлімшенің жұмысы жөнінде мағлұмат.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының   егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар мен I және II топтағы  мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін №3 бөлімшесінде 78 адамға қызмет көрсетіледі. Бөлімшеде 10 қызметкер жұмыс жасайды. Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерінің барлығын орындайды. (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- медициналық, әлеуметтік- психологиялық,  әлеуметтік- еңбек, әлеуметтік- мәдени, әлеуметтік- экономикалық  және  әлеуметтік- құқықтық)

Апта сайын бөлімшенің апталық есебі ұйымдастырылып, өткізіледі. Мұнда жұмыс барысындағы кездескен қиындықтар мен маңызды әрі дұрыс шешімді талап ететін сұрақтар талқыланады.

Әлеуметтік қызметкерлер әр қызмет алушының жалпы жағдайынан хабардар және стандарт бойынша аптасына 2 рет, белгіленген уақыт бойынша барады.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымы бөлімшеміздің Мерейлі туған күндерін ұмытпай, 90- жасқа толған Козлова Клавдия Ивановна и Савицкая Анна Ивановнаны  құттықтауларымен қуантты.

Әлеуметтік қызметкер – Иманбаева Марал Ариповна қызмет алушы Айсенова Кульшат Аймухамедовнаны Тараз қаласына емделуге шығарып салуда.

Әлеуметтік қызметкер – Иманбаева Марал Ариповна біздің бөлімшеге, ұжымға жуырда ғана қосылғанымен, өзінің еңбекқорлығымен, белсенділігімен бірден көзге түсіп, үздік қызметкерлердің біріне айналды.

Алыс жол қызықсыз әрі бірсарынды болмас үшін, Марал Ариповна Кульшат Аймухамедовнаға газет, журналдар таңдап алды.

Әлеуметтік қызметкер Иванова Галина Ивановна әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша еңбек жолы үлкен.  Бұл фотодан әлеуметтік қызметкердің Кудрявцев Николай Николаевичқа  таңғы шәйын демдеп, құйып жатқанын көреміз.

Қызмет алушы Козловская Клара Герасимовна әлеуметтік қызметкер Бисенова Канзада Кайдаркызымен бірлесе сүйікті гүлдеріне күтім жасау үстінде.

Әлеуметтік қызметкер Жусупова Культай Каратаевна қызмет алушы– Дубровина Валентина Ивановнаның қанқысымын тексеруде.

2016 жылдың 31 мамыр күні Астана Конгресс холл залында өткен ашаршылық құрбандарына арналған концертіне қатысты.

Бөлімше қызметкерлерінің концертке қатысуы