(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

12.07.2019 

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая 2» ТК, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, a.akim@astana.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 96 094 теңгеден 116 800 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мәселесі бойынша ақпараттар мен материалдар даярлауда, есептердің уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. «Еңбек нарығы» ААЖ жұмысын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асырады. Бағдарламаны іске асыру мәселесі жөніндегі қалалық ведомоствааралық мәжілісте қаралатын материалдарды даярлау бойынша бақылауды жүзеге асырады. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері бойынша тұрғындар мен жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуде бақылауды жүзеге асырады. Сұрау салынатын органдарға есептер мен ақпараттардың уақтылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады. Жұмыс берушілермен жұмыстың сапалы әрі уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу, жұмыс берушілермен кездесу бойынша бақылауды жүзеге асырады. Бағдарламаны бітірген қатысушыларды жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөніндегі жұмыстарға бақылауды жүзеге асырады. Жұмыс іздеушілерді қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмысты сапалы әрі уақтылы бақылауды жүзеге асыру. Мүгедектерді, қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, кәмелеттік жасқа толғанға дейін, 23 жасқа дейінгі ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді бақылауды жүзеге асырады. Пробация саласындағы жұмыстарға бақылауды жүзеге асырады. Өтініш жасаған азаматтарға және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде консультациялық қызметтер ұсынуды, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуде бақылауды жүзеге асырады. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыз азаматтарды өтініші бойынша тіркеу жөніндегі жұмыстарға бақылауды жүзеге асырады. «Еңбек нарығы» ААЖ көрсеткіштерге мониторингті жүзеге асырады. Экономикалық қызмет пен мамандықтардың салалар бөлігінде жылдар бойынша елорданың жұмыс берушілерінен кадрларға болжамды қажеттілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты бақылайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, үй шаруасындағы әйелдер, жұмыссыздар және жұмысқа ниеті жоқ басқа да бейресми адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жөніндегі шараларды бақылайды. Елорда жұмыс берушілерінің ұсынған деректері негізінде жергілікті еңбек нарығындағы болжамды сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер тізбесін анықтауға бақылауды жүзеге асырады. Қызметтер мен мамандықтар бөлігінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру мониторингі бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандықтар бөлігінде болжамды саны туралы мәліметтерді қалыптастыруға бақылауды жүзеге асырады..

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарды және әлеуметтік жұмыстың теориясы мен әдістемесін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, мекеме бағдары мен ерекшеліктерін; әлеуметтік жұмыстар, психология, педагогика негіздерін; ұйым қызметкерлерін басқарудың теориясы мен практикасын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидалары және нормалары.

Біліктілік талаптары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар, білім мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ұйымдарда басқару лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 бөлме мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.