(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Бірыңғай жиынтық төлем туралы білесіз бе?

Бүгінгі күні 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Бірыңғай жиынтық төлем жүргізілуде.

Бұл бейресми жұмыспен қамтылған адамдарға дара кәсіпкер ретінде   тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін режим.

Бірыңғай жиынтық төлем 4 төлемнен тұрады: жеке табыс салығы,   зейнетақы төлемдері, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік медициналық   сақтандыру  жүйесіндегі алымдар. Қала және ауыл тұрғындары табысының айырмашылығын ескере отырып, Бірыңғай жиынтық төлем сомасы             2019 жылы қала  тұрғындары үшін 1 АЕК-ті немесе 2525 теңгені, ауыл   тұрғындары үшін 0,5 АЕК-ті немесе 1262,5 теңгені құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеу азаматтарға:

– міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және медициналық мекемені таңдау құқығымен медициналық қызметтерге қолжеткізуге;

– жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде жүйеге қатысу мерзіміне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өздерінің  зейнетақы  жинақтарын   толықтырумен қатар еңбек өтілі бекітілетіндіктен, базалық зейнетақыны жоғарылатылған мөлшерде алады;

– еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілікке және босануға, бала асырап алуға, 1 жасқа дейінгі балаға күтім көрсетуге байланысты әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай жиынтық төлемді ЖСН арқылы бейресми жұмыспен қамтылғандар екінші деңгейлі банктер (8 ЕДБ тартылған), «Қазпошта» бөлімшелері, сондай-ақ мобильді банк қосымшалары арқылы төлей алады.