(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Мерейтойлық концерт «3 жыл – қамқорлық, жақсылық және махаббат»

31.07.2019ж күні Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3 жылдығына арналған «Қазақстан» орталық концерт залында ересектер бөлімдерінің қызмет алушыларына арналған  «3 жыл – қамқорлық, жақсылық және махаббат» атты концерт өтті.

Концертке Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ғарифуллин Бахтияр Салаватұлы, Байқоңыр ауданы әкімдігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мыңбаев Сәрсенбай Бердалыұлы, орталықтың қамқоршылық кеңесінің мүшесі, саясат ғылымдарының докторы және белгілі қоғам қайраткері Н.П. Калашникова сияқты кұрметті қонақтар шақырылды. Қонақтар Орталықты мерейтойымен құттықтап, әрі қарай дамып, көптеген жетістіктерге қол жеткізе беруін тіледі. Сондай-ақ, «Шарапат» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Баймағамбетова Рысты Жағыпарқызы және әлеуметтік қызметтер орталығы директорының міндетін атқарушы Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы шын жүректен құттықтады.

Содан кейін концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары: Оразбеков Дастан, ағалары Жугунусовтар, Ринат Мальцагов, Бейбіт Қорған және Адам өнер көрсетті. Сондай-ақ, талантты әртістер: Art Dombra тобы, Ақерке Тәжібаева, «Дара» дуэті және «Самұрық» би тобы.

Концерт барысында Орталық қызмет алушылары да сөз сөйлеп, өз ойларын Орталықтың басшылығы мен әлеуметтік қызметкерлерге бірнеше әсерлі және шынайы ризашылық сөздерін айтты.

Концерттік бағдарламадан кейін қызмет алушыларға фуршет ұсынылды. Барлық қызмет алушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын білдірді!