(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Бурабайға саяхат

Бурабайға саяхат

Тамыз айының 05-08 аралығында ауасы дертке дауа, жұпар иісті Көкше өңіріне, тамылжыған табиғат аясында тынығып, дем алуға  «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» ұйымдастыруымен қызмет алушы қарттары мен І және ІІ топ мүгедектер және мүгедек балалар ата-аналарымен «Бурабай» демалыс аймағына демалып қайтты.

Қызмет алушылар  Көкшетау тауының етегінде орналасқан табиғаттың бірегей ескерткіші – Абылай хан алаңында таза ауамен демалып, керемет табиғатты тамашалап, естелік суреттерге түсті. Көкше-Бурабай маңында Абылайдың атымен байланысты екі алаң болды: «Үлкен және кіші алаң».  Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, үш жүздің басын біріктірген алаңда Абылай ханның орны болған.  Абылай хан стеласынан жоғары қарай, 120 метр жерде  Көкше тауының бөктерінде қазақтарға киелі жер бар, бұл Абылай ханның жалғыз гранит тасынан жасалған тағы орналасқан. Қазірдің өзінде «Хан тағы» деп аталатын орын, тарихи оқиғаның куәгері болып келеді.

«Жазғы демалыстың» қазiргiдей қызған шағында демалушыларымыз суға түссең  шаршағаның басылып, жаның жадырайды дегендей- көлге шомылып, күнге қыздырынды.

Демалушыларымыз демалыс мерзімін тиімді, жақсы әсермен өткізіп, шараны ұйымдастырған орталығымызға  алғыстарын білдірді.