(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

3 жыл Қамқорлық, Игілік пен Махаббат

Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» балалар бөлімшелерінде «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3 жылдығына арналған « 3 жыл Қамқорлық, Игілік пен Махаббат» атты концерттік іс- шара өтті. Келуші қонақтар мен балалардың көңілін аулап, жүздеріне күлкі сыйлаған мультфильм кейіпкерлері қарсы алды. Сонымен қатар Қазақстанның эстрадалық жұлдыздары қатысуымен (Қ. Байекенов, АДАМ, Назар және Климанджаро тобы) және түрлі ұлттық би билеген «Самұрық» би тобының өнерлерін тамашалады.

Концерттің қонақтары Нұр- Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы және қалалаық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы С.О. Нұрғожина, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Р.Ж. Баймағамбетова орталықтың 3 жылдығымен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді.

Сондай-ақ орталық директорының міндетін атқарушы Е.Қ. Аманбай қызметкерлерді және қызмет алушыларды атаулы мерекемен құттықтап, келген қонақтарға алғысын айта отырып, орталықтың жеткен жетістігін және де әлі алға қойған көптеген мақсаттарымыз бар дей келе, осындай қарқынмен жұмыс жасалатыны жөнінде ізгі ниетін білдірді. Концерт барысында ата- аналарда осындай ұйымдастырылған іс- шараға, 3 жылдық мерей тоймен құттықтап, орталықтың қызметкерлеріне шексіз алғыстарын жеткізді.

Іс- шара соңында қызмет алушыларға және ата- аналарына арнап фуршет ұйымдастырылды. Дастарханнан дәм татып, мультфильм кейіпкерлерімен естелік суреттерге түсіп, жақсы көңіл күймен тарасты.