(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Нұр-Сұлтанда жастарға арналған арнайы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті 

Нұр-Сұлтанда жастарға арналған арнайы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті 

2018 жылдың 28 тамызында жастар жылы аясында  “Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту  орталығы” сағат 10:00-13:00-ге дейін “Жастар” сарайы ғимаратында 29 жасқа дейінгі жастарға арналған бос жұмыс орындарының жалпы қалалық мамандандырылған жәрмеңкесін өткізді.

2019 жыл “Жастар жылы” деп жарияланды, осыған байланысты халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арнап ұйымдастырылған бірқатар іс-шараларды жоспарлады, солардың  бірі бүгінгі жәрмеңке.

Аталған іс-шараның мақсаты оқу орындарын бітірушілерді жұ мысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы жастарды кеңінен ақпараттандыру болып табылады.

Сонымен қатар, оқу орындарының түлектеріне жастар практикасынан өту мәселесі бойынша ақпарат алу, халықтың нысаналы тобындағы  тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру   мүмкіндігі ұсынылады.

Жәрмеңкеде жұмыс берушілер тек университеттердің түлектеріне ғана емес, сонымен қатар студенттеріне де толық емес жұмыс күніне бос жұмыс орындарын  ұсынады.

Бұл жерде ізденушілер жұмыс берушілердің өкілдерімен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы біле алады. Сондай-ақ олар таңдалған жұмыстың ерекшелігімен танысып, сұхбаттасудан өтеді.

  

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз бөлімі

Мукуслова Аймира Абаевна

Тел: +7 71 72 95 44 25

Ұялы: +7 701 444 85 74 (W. App)

e-mail: cznast.ps@gmail.com