(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ақпараттандырады

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жергілікті атқарушы органы ретінде (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы азаматтарының коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға мұқтаж басым тізімдеріне түгендеу жүргізеді.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін 2004 жылы (қоса алғанда) «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» және «мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер» жылы тізіміне тіркелгендер құжаттарды жаңарту үшін ұсыну қажет.

Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де, Нұр-Сұлтан, Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша орналасқан (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, «Барыс» тұрғын үй кешенінің аялдамасы).

Қабылдау 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құжаттарды жаңарту үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1)  өтініш;

2)  өтініш берушінің және оның отбасы құрамының жеке куәліктері (көшірмелері);

3)  тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

4)  баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

5)  Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы (№ 6 формасы) (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

6)  өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері (ХҚКО-нан № 2 формасы, сатып алу-сату/ сыйға беру / жекешелендіру /айырбастау шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлігі көшірмелері);

7)  өтініш берушінің белгіленген санаттарға қатынасын растайтын құжаттары:

Телефон арқылы анықтама: 79-34-50, 8-776-120-29-73.

Скачать список очередников