(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Даналық пен көңілдің жастық шағы мерекесі.

Қарттар күніне арналған концерт.

Табиғат өзінің сұлулығымен бәрін баурап алатын қазан айының алғашқы күндерінде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Осы шуақты күндерде көңілдері әрдайым жасарып жүретін жандардың бәрі өздерінің еңбектері үшін және біздің қазіргі өмірімізге баға жетпес үлесі үшін құттықтаулар мен алғыс сөздерін алғаны бекер емес шығар.

2019 жылдың  қазан айының 3-ші жұлдызында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылында Халықаралық қарттар күніне арналған «Жүректен-Жүрекке!» Ретро-концерт өтті. «Ностальгия» вокалды ансамблі осы шараға қатысуға арнайы шақырылды.

Ансамбль ұжымы өздерінің жас кездеріндегі әндерін көрермендермен бірге орындады. Ансамбль орындаған әндер көрермендер мен вокалистердің замандастарына таныс және сүйікті болғандықтан, алғаш орындалған сәттен-ақ, көрермендер қошеметтерін көрсетіп жатты.

М.А. Абдрахманова «Балқадиша» әні және Г. Гончарова  И. Дееваның «Менің жасым» және «Күз» әндерін жеке орындағанда көрермендер тарапынан ерекше назар мен ризашылық ала алды.

М.А. Абдрахманова «Балқадиша» әнін орындауда

Г.А. Гончарова И. Дееваның өлеңін оқуда

Қосшы ауылының «Замандас» ардагерлер ансамблі және «Ностальгия» вокалистерінің бірге орындаған Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні концерттің соңында жарқын дауыста орындалып, керемет көңіл-күйде аяқталды.

 

Қосшы ауылы әкімі Е.М. Жолумбетовтың атынан қызықты да танымды бағдарлама мен жаңа Мәдениет үйіндегі алғашқы сәтті гастрольдік сапарлары үшін аппараттың бас маманы С.М. Казенова «Ностальгия» вокалды ансамблін ауыл әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Алғыс хат табыстау.

Өз кезегінде ансамбль ұжымы ретро-концертті ұйымдастырушы Бекова Дәметкен Мұхамедияқызына шақырғаны үшін және осындай жақсы және жарқын мерекеге қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.

 

«Ностальгия» вокалды ансамблінің ұжымы атынан барлығын «Даналық пен көңілдің жастық шағы»  мерекесімен құттықтаймыз! Барлығына мықты денсаулық, барлық ойлаған жоспарларыңыз жүзеге асуын тілейміз!