8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Елордада арнаулы ұтқырлық тобымен заңамалық актілердің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең көлемді акция басталды

Елордада зейтнетақы реформасын жаңғыртудың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің, арнаулы ұтқырлық тобымен әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсіндіру бойынша кең көлемді акция басталды, оның құрамына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Астана қаласының денсаулық, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармаларының мамандары енді, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Өрлеу» жобасы шеңберінде қатысу шарттарының аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтуды кеңейту бөлігіндегі негізгі бағыттарын халық арасында түсіндіру бойынша ұтқырлық топпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Еңбек ұжымдары мен қаланың ұйымдарында, сондай-ақ халық арасында аталған жұмыс барысында 10 кездесу өткізілді, оған 135 адам қатысты:

– ағымдағы жылдың 27 мамырда «Алматы» ауданының МЗТО-да «Ашық есік күні» өткізілді;

– Жұмыспен қамту орталығының ғимаратында Елорданың жұмыс берушілерімен апта сайын жұмыссыз халықпен кездесуді ұйымдастырылу өткізіледі;

– Жұмыспен қамту орталығының ғимаратында апта сайын жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды;

– 31 мамырында Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ұжымы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп кездесу өткізілді, оған 60 адам қатысты.

– ағымдағы жылдың 25 мамырында, 1 маусымында, 8 маусымында Жұмыспен қамту орталығының ғимаратында Қазақстан Республикасының Заңнама нормаларын түсіндіру бойынша жұмыссыз халықпен кездесу ұйымдастырылды.

– ағымдағы жылдың 3 маусымында Көктал-1 кентінде тұрғын үй кешенінде зейнеткерлік реформа, медициналық сақтандыру, әлеуметтік көмекті жаңғырту мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өткізілді, сондай-ақ ҚР «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді, ардагерлер кеңесінің, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

– ағымдағы жылдың 8 маусымында – Пригородный кентінде № 24 ОМ, № 57,68 бала-бақша базасында халықпен кездесу өткізілді.

– 9 маусымда –  Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қауіпі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ көрсетілетін қызметті алушылармен мекеменің қызметкерлері кездесу ұйымдастырды;

             Жоспарлануда

– ағымдағы жылдың 14 маусымында № 44 ОМ Интернациональный кентінің халқымен кездесу;

– ағымдағы жылдың 15 маусымында Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ-нің ұжымымен кездесу;

– ағымдағы жылдың 23 маусымында 23№ 28 мектеп базасында «Нұр Отан» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауды өткізу шеңберінде түсіндіру жұмысты өткізу;

– «Сарыарқа», «Алматы» және «Есіл» аудандары кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесу ұйымдастыру;

– № 57 ОМ Промышленный кентінің халқымен кездесу;

– ПИК төрағаларының қатысуымен түсіндіру жұмыстары;

– «Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау», «Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау және сөз сөйлеулер өткізу;