(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) 2019 жылдың  5 желтоқсанына дейін 2020 жылға арналған үйде «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасын ұйымдастыру үшін қосымша өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Үйдегі әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс берушілер олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырады, бұл ретте, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істеп тұрған, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

Үйдегі әлеуметтік жұмыс орнын жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім шарт негізінде, жұмыссыздарды, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мүшелерін, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларды олардың еңбекақысын субсидиялау арқылы жұмысқа орналастыру үшін  құрады.

Үйде әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздардың, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелерінің, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалардың еңбекақысына жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады;

– әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда белгіленген жалақы мөлшерінің 35% – ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды;

Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында Мемлекеттік қызметтер — жұмыс берушілер үшін — Қоғамдық жұмыстар бөлімінде  орналастырылған. 

Өтінімдерді қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, анықтама телефоны – 57 89 12