(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек

Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек, тұрғын үй-коммуналдық қорынан тұрғын үй беру – Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басты міндеттері болып табылады.

2019 жылы Нұр-Сұлтан  қаласы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 6 162,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

– республикалық бюджет (РБ) 900,0 млн. теңге,

– жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер есебінен (ЖСТ)  2189,9 млн. теңге,

– жергілікті бюджет (ЖБ) – 1286,4 млн. теңге,

– Ұлттық қордан –1786,1 млн. теңге.

3505,6  млн теңге игерілді, оның ішінде:

 РБ – 827,1 млн теңге,

ЖСТ – 1352,3 млн. теңге,

ЖБ – 1201,0 млн.теңге,

ҰҚ—125,2 млн. теңге.

1 бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту»:

ТжКБ кадрларды даярлау – 1050 адам  (жауапты – Нұр-Султан қаласының Білім басқармасы).  ТжКБ бойынша 16 білім беру ұйыдарының  1050 орындық 17 мамандықтың  тізімі бекітілді;

қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 26 топ құрылып, 1119 адам келесі мамандықтар бойынша оқуға жіберілді: слесарь-сантехник,  электр және газбен дәнекерлеуші, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, кран машинисі (краншы), ақпаратты қорғау жөніндегі техник (киберқауіпсіздік саласындағы маман), анимация және видеографика (Web дизайнер), массажист, бағалаушы-сарапшы, тігінші, аспазшы, кондитер, наубайшы, киім пішуші, әкімші, шаштараз-модельер, маникюр жөніндегі шебер, менеджер (саудада), автоэлектрик, бухгалтер, SMM менеджер, визажист, тәрбиешінің көмекшісі, сату менеджері, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі агент (риэлтор) және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі.

Есепті кезеңде 557 адам оқуды аяқтады, 262 адам  тұрақты жұмысқа орналасты,оның ішінен 110 адам грант алды.

         2 бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (жауапты – Нұр Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы):

– «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

– кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

– қалалар мен ауылдардағы микрокредиттерді кепілдендіру

Шағын несиелеу. «Даму» КДҚ»АҚ несиелендіру үшін (СБЕРБАНК, АТФ Банк, Нұрбанк, Халық Банкі) екінші деңгейдегі банктерді анықтады. Халықты жұмыспен қамту орталығында шағын несиелеу мәселелері бойынша 477 адам өтініш берген, оның ішінде 212-і әрі қарай шартты рәсімдеу үшін «Даму» қорына жолдама алды.  Жыл басынан бері  2018 жылдың қаржысының игерілуін қоса алғанда 56 шағын несие берілді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант. Жылдың басынан комиссиямен 889 бизнес-идеялар мақұлданды, оның ішінен 475  мемлекеттік грант (100 АЕК мөлшерінде – 53, 200 АЕК мөлшерінде 422 грант) төленді.

Анықтама: Мемлекеттік гранттар қызмет көрсету саласында берілді (тігін ательесін ашу, кондитерлік, наубайхана ашу, салтанаттарды безендіру, массаж кабинеті, автоэлектрика қызметін көрсету, үйде маникюр, электрмонтаждау жұмыстары, құралдар сатып алу және басқалар).

3 бағыт «Жұмысқа орналасуға және еңбектің ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту»:

осы компоненттің Бағдарлама қатысушыларына келесі шаралар ұсынылады:

1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу (жұмысқа орналастыру жылдық жоспары – 7555 адам, нақты –                        7054 адам);        

3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру (жылдық жоспары – 150 адам,             нақты – 169 адам);

4) жастар тәжірибесін ұйымдастыру (жылдық жоспары – 1200  адам, нақты – 1025 адам);

5) қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру (жылдық жоспары – 587 адам, нақты – 2117 адам);       

– еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру – бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысына 104 отбасы (364 адам) қоныс аударды, оның ішінде: Петропавловск қаласы – 6, аудан орталықтарына: Айыртау – 19, Ақжар – 4, Аққайын – 1, Мүсірепов – 17, Есіл – 3, Жамбыл – 4, Қызылжар – 7, М.Жұмабаев – 4, Мамлютский – 4, Тайыншы – 9, Тимирязевск – 4, Уәлиханов – 13 және Шал ақын – 9;

– инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, әлеуметтік және мәдени нысандардың, инженерлік және көлік инфрақұрылымының күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуіне).                       11 жобаны    (4 білім беру мекемесі, 5 мәдениет, 1 денсаулық сақтау мекемесі   және 1 әлеуметтік қамтамасыз ету мекемесі) іске асыру  және Жұмыспен қамту орталығы арқылы 89 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.  Бүгінгі күні 27 жобаны іске асыру жұмыстары басталды (16 жоба шығындарды үнемдеуге байланысты қосымша жүзеге асырылуда), олардың ішінен 8 жобаның жұмысы аяқталды  (2 білім беру мекемесі, 4  мәдениет және 2 әлеуметтік қамтамасыз ету мекемесі). Жұмыспен қамту орталығы арқылы               96 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бос орындар жәрмеңкелері үнемі ұйымдастырылып тұрады. Жыл басынан бері «Жастар» сарайында 6 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі және Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар үшін 14 шағын жәрмеңке, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген мүгедектерді жұмысқа орналастыру ұйымдастырылды.

Әлеуметтік қолдаумен 158 мың адам қамтылды (82 мың адам – ​​зейнеткерлер, 57 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 25 мың мүгедектігі бар тұлғалар, төрт немесе одан көп кәмелетке толмаған балалары бар 9 684 көпбалалы отбасылар, «Күміс алқа» «Алтын алқа» белгісімен марапатталған                              4 938 көпбалалы аналар).

Атаулы әлеуметтік көмек 7 639 отбасына (36122 адам) төленді, оның ішінде 4110 көпбалалы отбасыға (22808 адам), 2121 отбасына АӘК тағайындаудан бас тартылды.

Басқарма 9 ведомствоға бағынысты мекеменің үйлестірушісі болып табылады. Арнайы әлеуметтік қызметтерімен 4 мыңнан астам адам, оның ішінде үкіметтік емес үйымдарымен 500 адамға жуық адам қамтылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, тұрғын үй бағдарламалары және халықты әлеуметтік қолдау бағдарламалары (тұрғындармен, жұмыс берушілермен, сондай-ақ оқу орындарының түлектерімен кездесулер) аясында қарастырылған шаралар негізінде тұрақты түрде жүргізіледі. 600-ден астам жарияланымдар, мақалалар, ақпараттық материалдар орналастырылды.

«Электрондық еңбек биржасы – enbek .kz» порталы іске қосылды, онда жұмыс берушілер мен астаналық өтініш берушілерге интернет-порталдағы жеке кабинет арқылы бос жұмыс орындары, түйіндемелер, кадрларды өздігінен таңдау және қызметкерлерді механикалық түрде тіркеу туралы ақпарат беру мүмкіндігі берілді.

Сондай-ақ, барлық іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қабылданған шаралар түрлері және бос орындардың болуы туралы ақпарат, әлеуметтік қолдау шаралары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде (сайттар, инстаграмм, фейсбук және т.б.), әкімдіктің, әкімшіліктің және ведомстволық бағынысты мекемелердің сайттары арқылы үнемі жарияланып тұрады.

2020 жылы АӘК-тің жаңа тәсілдерін енгізу туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс басталды, Басқарма және жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің мектеп еңбек ұжымдарында, емханаларда, қала тұрғындарымен тұратын аудандардағы АӘК-тің жаңа тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесі жасалды.

Тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартуда мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары бойынша жұмыс жүргізілуде.

Азаматтарды хабардар ету және оларды қызықтыратын сұрақтарға жедел жауап беру үшін әлеуметтік желілер мен қосымша мессенджерлер арқылы халықпен өзара әрекеттесудің жаңа форматтары қолданылады.

Тұрғындардың тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» (бұдан әрі – Бағдарлама)  тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы қарастырылды.

Бағдарламада сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, жеңілдетілген несиелер, көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, жұмыс істейтін жастар үшін бастапқы төлемді өтеу үшін ішінара субсидиялар қарастырылды.

Атап айтқанда: ағымдағы жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан                                    729 пәтер берілді, оның ішінде:

365 – қайтарымсыз жалға берілетін тұрғын үй, оның ішінде: (163 көпбалалы отбасы, 202 халықтың әлеуметтік осал топтары);

364 – несиелік тұрғын үй, оның ішінде: (182 ЖАО кезек күтушілері, оның ішінде көп балалы 14 отбасы).

2019 жылға арналған жоспар – 2752 пәтер беру, оның ішінде:

– 653 несиелік тұрғын үй, оның 326-ы – ЖАО кезек күтушілері;

– 2099 жалға берілетін баспана, оның ішінде 616 көп балалы отбасы және 1050 жұмыс істейтін жастар.

2019 жылдың желтоқсан айының бірінші желтоқсанында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға, оның ішінде (1 Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 84 көп балалы отбасы, 84 жетім балалар, 250 ХӘЖӘТ санатындағы) 419 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланды.

Жыл соңына дейін елордалық жастарға 5 жыл мерзімге 1050 пәтер беріледі, бұл жеңілдікті жалға алу кезінде жеке тұрғын үй сатып алуға қаражат жинауға мүмкіндік береді.

5-10 қараша аралығында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер алуға құжаттарды қабылдау өтті. 6304 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта баллдарды есептеу және құжаттар мен басқа да талаптарға сәйкестігін тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша көп балалы, толық емес отбасылар санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін, сондай-ақ мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 8,8 млрд. теңге сомасына 633 несие берілді, оның ішінде 60 адам 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттарын пайдаланды.

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.У. Маминге қайталама нарықта баспана алған кезде тұрғын үй сертификатын ұсыну мүмкіндігін қосатын нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы хат жолданды.

Бұл ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдады және мәселені зерделеу үшін тиісті салалық министрлікке жолдады.

Қазіргі уақытта Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қаралуда.

Азаматтарды  астанадан Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшіру жұмыстары жалғасуда.

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша осы жылдың басынан бастап Екібастұзға (жалпы саны 1360 адам, олардың 866-сы балалар) 235 отбасы қоныстандырылды.