8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Қызмет алушы балалардың Мемлекеттік « Астана-Опера» опера және балет театр ғимаратына баруы

Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік ызмет көрсету орталығы» қызмет алушы 200 мүмкіндіктері шектеулі балаларға 2016 жылы 11ші маусы күні Мемлекеттік « Астана-Опера» театр ғимаратында  қойылым ұйымдастырды.

Балалар және ата-аналар музыка және балет сарайына керемет саяхат жасады.

Ата-аналар мен балалар ерекше өнер ордасымен танысып, әдеби-музыкалық «Аңдар шеруі»атты концертін тамашалап, ұйымдастырушылар тарапынан берілген сыйлықтарын алып қуанышқа бөленді.

Осындай әлеуметтік-мәдени мерекелерге қатысу мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы психологиялық-моральдық тепе-теңдігін сақтап, қоршаған адамдармен достық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік тудырады, сонымен қатар, денсаулықтарын нығайтуда  маңызы зор.

Осындай саяхаттың әрбірі біздің балалар үшін – ғажайып әлемге бір қадам жақындай түскендей әсер қалдырады.