(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Құрметті қала тұрғындары!!!

Нұр-Сұлтан қаласында халықты атаулы əлеуметтік көмекпен (АƏК) барынша қамту жəне АƏК тағайындауға сапалы көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында атаулы əлеуметтік көмекті (АƏК) тағайындауға қабылдау 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап кестеге сəйкес алфавиттік тəртіпте өтетін болады: (Халықты Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік,25), «Жанұя» Отбасын қолдау институтының орталығы (Бейбітшілік 14), Алматы ауданының əкімдігі (Тəуелсіздік даңғылы, 7), Байқоныр ауданының əкімдігі (Брусиловский көшесі, 17/3), Есіл ауданының əкімдігі (Қабанбай батыр даңғылы, 33), Сарыарқа ауданының əкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13).

Сіздің назарларыңызға, атаулы əлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын жеткіземіз. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді.

Хабарласқан азаматқа, өтініш, сəйкестендіру үшін жеке куəлікті ұсыну керек. Сондай-ақ, АƏК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркеу болу керек.

Халықтың əлеуметтік осал топтарына көмек көрсетудің жаңа форматына сəйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  1. Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жəрдемақы төлеу (кірістерді есептеусіз), жəрдемақы мөлшері: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 бала – 53 127 теңге; 6 бала – 63 757 теңге; 7 жəне одан көп балаға – 74 388 теңгені құрайтын болады.

Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жəрдемақыларды тағайындау үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» үкіметтік емес ұйымының филиалы қабылдайды: Есіл ауданының №1 ХҚКО (Мəнгілік Ел даңғылы, 30), Есіл ауданының № 2 ХҚКО (Сауран к-сі, 7), Сарыарқа ауданының №1 ХҚКО

 

(С 409, 13 ст.), Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО (Республика даңғылы, 80), Байқоңыр ауданы ХҚКО (Абай даңғылы 80), Алматы ауданы ХҚКО (Тəуелсіздік даңғылы 32), «Жанұя» Отбасын қолдау институтының орталығы (Бейбітшілік 14), Алматы ауданының əкімдігі (Тəуелсіздік даңғылы, 7), Байқоныр ауданының əкімдігі (Брусиловский көшесі, 17/3), Есіл ауданының əкімдігі (Қабанбай батыр даңғылы, 33), Сарыарқа ауданының əкімдігімен (Сарыарқа даңғылы, 13). Шамамен 14 мың адамды қамту жоспарлануда.

  1. Атаулы əлеуметтік көмекті көрсету (АƏК), АƏК мөлшері, бұрынғыдай, отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының əр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің (КД) 70% арасындағы айырмашылық болады (2019 жылдың 4-ші тоқсанына – КД – 36 283 теңге, кедейлік шегі- 25 398 тг.).
  2. АƏК алатын аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына, жасына байланысты екі санатқа кепілдендірілген əлеуметтік пакет ұсыну: бірінші – 1 жастан  6  жасқа  дейінгі  балаларға  арналған кепілдеме пакеті, екіншісі – 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдеме пакетті беру жоспарлануда.