(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Бірыңғай жиынтық төлем туралы көшпелі мобильді топтың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру мақсатындағы енгізілген Бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша мобильді топ «Асем» базарына халықты ақпараттандыру үшін шықты.

Кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының барлық тиісті мемлекеттік органдардың, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, Халықты жұмыспен қамту орталығының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және Бірыңғай жинақталған зейнетақы қорының өкілдері қатысты.

Бәріне белгілі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің басты мақсаты – бұл бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың қызметін тіркеуді оңайлату. Ол өзі         4 міндетті төлемді қамтиды: жеке табыс салығы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін – 1 АЕК (2651 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК (1325 теңге) құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БЖТ үлесі мынандай:

-10% – жеке табыс салығы;

-20 % – әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

– 40 % – міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

Төлем екінші деңгейлі банктер, мобильді қосымшалар (kaspi kz,smart astana) мен Казпошта арқылы жүргізіледі.