(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

20.03.2020

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая 2» ТК, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-59, a.akim@astana.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының– 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 101 404 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Орталыққа ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Орталықты басқару құрылымын айқындайды, штаттық кестені бекітеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз адамдар және халықтың аз қамтылғандар қатарынан кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және олардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді. Халыққа консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына психологиялық қолдау және бейімделу қызметін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараны әзірлеу бойынша, өтініш білдірген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша, және өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың аз қамтылған азаматтарына мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, қызметтік тұрғын-үй алуға жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді. Жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге, қолданыстағы еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары жөніндегі ұсыныстарын әзірлеуге, кәсіби бағдарлау және халыққа психологиялық қолдау көрсетуге ықпал етеді. Жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша және еңбек нарығының тіркелген деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі озық тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара ic-қимыл жасайды. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін ескере отырып айқындайды. Әрбір нақты жағдайда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және аз қамтылған немесе жұмыспен қамтылмаған азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыруда неғұрлым мақсатқа сәйкес нысанын және орнын айқындайды. Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды және оның материалдық-техникалық базасын, шаруашылық дербестігін кеңейту мен дамыту жөнінде шаралар қабылдайды, бөлінетін бюджет, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызмет жоспарының орындалуын, шарттардың рындалуын және жасалуын бақылайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, оларға қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасайды. Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін уақытылы қарайды және олар бойынша әділ шешімдер қабылдап рәсімдеуді қамтамасыз етеді. Есепке алуды және есептілікті уақтылы қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі қағидалары және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Салық кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және жұмыспен қамту мәселесін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді; мекеме бағдары, мамандандыру және ерекшеліктерін; демографиялық жағдаят; қаланың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін; қала ұйымдарының даму перспективаларын және құрылымдық өзгерістерін; еңбек нарығының негізгі үрдістері мен даму бағытын; халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ic-шараларды әзірлеу тәртібін; жұмыспен қамту бағдарламалары іс-шаралар тиімділігін бағалау әдістемесін; қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру; салық және экологиялық заңнамаларды; еңбек және ұжымдық шарттар жасасу тәртібі; экономика негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары және нормалары.

Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) (әлеуметтік, экономикалық, құқық) білім, халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту саласындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе басшылық лауазымда кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, 15 бөлме мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  55-69-59.