(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмысқа орналастырудың оң мысалы (АӘК)⠀

Якименко Елена, 1989 ж.т.,Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Отбасы 7 адамнан тұрады, өтініш беруші және 6 кәмелетке толмаған бала – бес ұл 1 қыз. Ағымдағы жылдың ақпан айының басында «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығына  жүгінді. Өтініш білдіргеннен кейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ, АӘК көрсетудің жаңа ережелеріне сәйкес бос  жұмыс орындары ұсынылды. Ағымдағы жылдың 3 ақпанында жұмыспен қамту Орталығы мамандарынан жолдама алып, «Сервис 2015» ЖШС жұмысқа орналастырылды.

«Ұйым өте ұнады – ұйымшыл ұжым, тұрақты жалақы. Мен Орталықтың қолдауы мен тиімділігі үшін өте ризамын », – дейді Елена. Қазіргі уақытта Е. Якименко отбасында әл-ауқат деңгейі айтарлықтай артты. Отбасының жалпы жағдайы жақсарды.

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек 3 мыңнан астам отбасыларға тағайындалды. Бүгінгі күні 62 АӘК еңбекке қабілетті алушылармен әлеуметтік келісімшарт жасалып, 12 адам жұмысқа орналастырылды.

2019 жылы АӘК-ті еңбекке қабілетті алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 137 адам, оның ішінде 89  жұмысқа орналастырылды, сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстармен 40 адам қамтылды, оның ішінде  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды 10 адам алды.