(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Еgov.kz электрондық үкімет порталының «Электрондық өтініштер» бөлімінде электрондық сандық қолтаңба көмегімен әлеуметтік саласының қызметтерін алу мүмкіндігі туралы ақпарат

Еgov.kz электрондық үкімет порталының «Электрондық өтініштер» бөлімінде электрондық сандық қолтаңба көмегімен әлеуметтік саласының қызметтерін алу мүмкіндігі туралы ақпарат

 

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы egov.kz электрондық үкімет порталының «Электрондық өтініштер» бөлімінде электрондық сандық қолтаңба (бұдан әрі – ЭСҚ) көмегімен берілген электрондық өтініш жеткілікті екендігі туралы астана түрғындарының назарына жеткізеді.

Мысалы, қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмекті алу үшін, керегі:

  1. ЭСҚ-ның AUTH кілтінің көмегімен порталға кіру;
  2. Парақтың сол жағында Электрондық өтініштер» бөлігін таңдау, әрі қарай «Онлайн сұрау» таңдау, «Құру» тандау, содан кейін «Таныстым» батырмасын басу керек;
  3. Ашылған терезеде бос бағандарды толтыру:
  4. a) Пошталық адресті жазу;
  5. b) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметтің атауын таңдау;
  6. c) «Нұр-Сұлтан қаласы» аймағын таңдау;
  7. d) «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» қабылдаушыны таңдау;
  8. e) Мазмұнында тіркеу аймағын, отбасы мүшелерінің санын, олардың ЖСН-рін көрсету, – «Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек қажет» жазу;
  9. Тұрғын үй ғимаратын пайдалану құқығын растайтын құжатты және өтініш берушінің атындағы шот туралы анықтаманы қоса тіркеу;
  10. «Жіберу» басу;
  11. ЭСҚ-ның RSA кілтінің көмегімен қол кою.

Бұл көмектің түрі тек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда ғана, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға тағайындалатындығын атап өтеміз.

Өтемақы жылыту маусымына 16 АЕК көлемінде жүргiзiлетін болады. Өтініш тек қазан-сәуір аралығында бір рет тапсырылуы қажет.

Egov.kz электрондық үкімет порталының «Электрондық өтініштер» бөлімінде қызметтердің келесі түрлері қол жетімді:

–       Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

–       Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

– Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

–  Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

– Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

– Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

– Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

–  Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру.

Керек ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 87056450638, 87056450653, 87056450671, 87056450692.