8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Елордада 4,6 мың бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетке ие болады.

17 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химиялық заттар таратылады.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді тарату «Магнум» ЖШС сауда желісінің супермаркеттерінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.  Барлығы 2,7 мың отбасын, сонымен қатар 4,6 мың баланы қамту жоспарланған.

Әлеуметтік пакетті алушылар тізімін http://www.magnum.kz/garantirovannaya-socialnaya-pomoshh веб-сайтына ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады. Кестеде кепілдендірілген әлеуметтік пакетті қашан және қай жерде алу керектігі көрсетілген.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама сағат 9-00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін таратылады.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама қазірдің өзінде 1500 отбасына берілді, 2000-нан астам балаға таратылды.  Сондай-ақ, бұл отбасыларға 50 медициналық бетперде беріледі («Biz birgemiz» акциясы аясында).

Көмек алғандар көптеген алғыс сөздері айтуда, Магнумға жетуге мүмкіндігі жоқ 50 аз қамтылған отбасына кепілдендірілген әлеуметтік топтама  жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында АӘК-ті тағайындау тетігін оның ашықтығын, әділеттілігін және жұмысқа ынталандыруды қамтамасыз етуге тапсырған болатын.  Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда және оған көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа жәрдемақы, АӘК және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді.