8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке егемен елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтарының бірлігі жарасқан күн. Сіздерге бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен ынтымақтастығы одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Береке-бірлігіміз артып, ынтымақ бірлігіміз мәңгі жасай берсін!

Ізгі тілекпен Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы.

_______________