(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді қасиетті де ұлы мереке Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін 9 мамыр Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы, Полиция Департаменті қызметкерлері ,”№5 қалалық емханасы” ШЖҚ МКК бас дәрігері Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы, Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы бойынша СЭС басшысы Спанов Ш.Ш. және Білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы “Әлеуметтік қызметтер орталығы” ҚМУ “Шарапат” қызмет алушылар тізіміндегі ҰОС ардагері Линник Олег Иванович және ҰОС тыл еңбеккері Сафоничева Раиса Егоровнаны  Жеңіс күнімен құттықтады.

Осыдан 75 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Қымбатты ардагерлер! Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайсыздар, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.

Қымбатты Отандастар! Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!