8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

АNTIKORLIVE жобасы аясында әлеуметтік желілерде тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту басқармасының  қызметі туралы   Пресс-релиз

Бүгінгі күнгі негізгі тақырыптары – АӘК, халықты әлеуметтік қолдау шаралары, төтенше жағдай шеңберіндегі әлеуметтік төлемдер.

Атаулы әлеуметтік көмек сәуірде 3280 отбасына төленді (15,7 мың адам), АӘК автоматты түрде тағайындалды. 1 сәуірден бастап АӘК-ке өтініштер E-gov арқылы онлайн режимінде қабылданды. 1 – 6 жас аралығындағы 5 мыңға жуық бала 2715 әлеуметтік көмектің кепілдендірілген топтамаларын алды.

Басқармамен 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, жыл басынан бері 28 мың мемлекеттік қызмет, оның ішінде 12 мың (42%) электрондық үкімет порталы мен ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілді.

Бүгінгі танда электронды кезек енгізілді, ол әлеуметтік аз қамтылған азаматтардан кезек-кезекпен Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында, Нұр-Сұлтан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында және Жанұя институтының қолдау орталығында кезекті онлайн-брондау қызметін (Smart Astana мобильді қосымшасы) пайдалануға мүмкіндік береді.

Біз сонымен қатар қаланың барлық әлеуметтік қорғау қызметтерін жеңілдетеміз және жетілдіреміз. Жақын арада біз қызметтерді алу процессін жаңартып, тұрғындарға қағаз құжаттарын жинатқызбай, оларды кезекте тұрғыздырмай, ыңғайлы етіп жасайтын боламыз.

42500 әлеуметтік төлем бойынша  – 305,8 мың адамға төлем ұсынылды.

Азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен 46 мың адамдардан астам қамтылды  (барлық жастағы I, II топтағы мүгедектер,  16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұмыссыз азаматтар, барлық жастағы III топтағы мүгедектер)

 «Bizbirgemiz» акциясы шеңберінде 42, 5 адам  төлемдермен қаимтылды (аз қамтылған отбасылар, жетімдер, 1,2 топтағы мүгедектер, мүгедек баланы күткен адамдар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер мен жалғызбасты зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері).

Анықтама алу үшін келесі байланыс ақпаратымен хабарласыңыз болды:

Шолатова Мөлдір Абайқызы – мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы – 8 701 769 43 65

Инна Юрьевна Филаретова – Алматы облысы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімінің басшысы – 8-702-158-08-53.

Жанузакова Куралай Сериковна – Байқоңыр ауданындағы әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімінің басшысы – 8 705 – 468-50-01

Джундибаева Нұргүл Қасымжанқызы – Есіл ауданындағы әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімінің басшысы – 8 702- 433- 93 -36.

Станбаева Салтанат Дүйсенқызы – Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімінің басшысы – 8-702-961-09-68 

Сәуір айынан бастап 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы жүзеге асырылуда. Инфрақұрылымдық жобаларға 61 миллиард теңге бөлінді. 15 мыңнан астам адамды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 7627 жұмыссызды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 639 жаңа жұмыс орны құрылып, 2094 адам жұмысқа орналастырылды.

61 жоба бойынша мердігерлер 60 ниет хаттамаларына қол қойды.

Кеңес алу үшін келесі нөмірлерге хабарласуға болады: Бұланбаев Рүстем Серікұлы – 578889, 87757771006, Ракишева Бақыт Серікбекқызы – 578941, 87017000507