8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Ұтқырлық топтың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Зейнетақы жүйесін жаңғырту, Жұмыспен қамту 2020 жол картасына бағытталған әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу реформасы бойынша ҚР заңнамасының нормалары туралы халықты ақпараттандыру жұмыс тәртібінде жалғастырылуда.

Ағымдағы аптада халықпен және № 44 ОМ (Интернационал тұрғын үй алқабы), «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ еңбек ұжымымен кездесулер өтті.

Кездесудің өзекті мәселелері әлеуметтік жәрдемақылар төлеу, халықты жұмыспен қамту және зейнетақы реформасы болды.

Кездесуге 200-ден астам адам қатысты. Жеке тәртіпте тұрғындарға кеңестер берілді.

Апта сайын Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-де әлеуметтік жәрдемақыларды қайта құру туралы жәрдемақы алушылар ішінен жұмыссыз халықтың арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.