8 (7172) 55-14-74 г.Нур-Султан Достык 13

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, аға буынның Нұр-Сұлтан қаласының  тұрғындары!

Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.

Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Сіздер ақылман, данагөй тұлға, саялы бәйтерексіздер! Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені.

Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы.