Шрифт көлемі:
       
A
A
A
Сайттың түсі:
       
Ц
Ц
Ц
Жай нұсқа

8-705-645-06-38

8-705-645-06-53

8-705-645-06-71

8-705-645-06-92

Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Халықты жұмыспен қамту орталығы «Astana FM» радиосымен серіктестік орнатты

Елорданың еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарын ұсыну аясы кеңейді

Енді қала тұрғындары  сұранысқа ие вакансиялар  туралы күнделікті 101.4 толқынынан естіп біледі.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту  орталығы»КММ директоры Азамат Елемесұлы Байтасов пен бас қаланың басты радиосы “Астана FM” директоры Сымбат Талғатқызы  алдағы  уақытта жұмыспен қамту мәселесінде  серіктестік  орнату туралы өзара  келісім жасады.

Кездесу барысында Жұмыспен қамту орталығының директоры  А. Байтасов:    «Жұмыспен қамту орталығы – елордадағы жұмыссыздықпен күресу мәселесінде еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын  жауапты мекеменің бірі. Орталыққа  күнделікті 250 ге жуық әртүрлі жастағы жұмыссыз азаматтар келеді. Олар –  әлеуметтің осал топ  мүшелері,  мүмкіндігі шектеулі жандар мен  пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар.  Жұмыспен қамту орталығы еліміздің барлық санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға мүдделі»  екенін айтты. 2020 жылы Жұмыспен қамту орталығы  астаналық   19 291 азаматты  жұмысқа орналастырды. Ал жыл басынан бері орталық арқылы 2 805 адам  жұмыс тапты.

Тәулігіне 19 сағат эфирге шығатын «Астана FM» радиосының  аудиториясы нағыз жұмысқа қабілетті  16-55 жас аралығындағы  азаматтар. Бұған қоса, Қазақ радиолары қашан да билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнатушы   қоғам дамуының   тынысы болып табылады.

«Астана FM» радиосының директоры Сымбат Талғатқызы,    «Елорда  өмірі мен тынысы – Астана үні» дей келе,  жұмыссыздықпен күресу мәселесіне  бей-жай қарамайтынын,  жұмыспен қамту аясын кеңейту мақсатында  эфирден арнайы уақыт бөліп  ақпарттық   қолдау көрсететілетінін айтты.

Екі  басшысы да   еңбек жолын өздері басқаратын мекемеде қатардағы  қызметкер болып бастаған.  Сондықтан,  халыққа қызмет етудің тиімді тәсілдерін  жақсы біледі, түсінеді. Жаңашылдыққа бейім басшылар арасында  өзара бірлескен  тиімді бастамалар  бұдан әрі де  жалғасын табады деп сенеміз.