Шрифт көлемі:
       
A
A
A
Сайттың түсі:
       
Ц
Ц
Ц
Жай нұсқа

8-705-645-06-38

8-705-645-06-53

8-705-645-06-71

8-705-645-06-92

Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Гидросауықтыру. Арнайы жүзу.

Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»  КММ бірқатар әлеуметтік қызметтерді  ұсынады.Оның ішінде  тәрбиеленушілердің денсаулықтарын қалыптастыру және сауықтыру ұшін арналған қызметтер маңызды рөл атқарады.Осы қызметтердің бірі-ол гидросауықтыру.Арнайы жүзу балалардың жалпы физикалық жағынан денсаулықтарын қалпына келтіру және нығайтудың маңызды кезендерінің бірі болып табылады.Судағы жүзу жаттығулары тірек-қимыл аппараты , тыныс алу жүйесі мен қанайналым жүйесін нығайтуға көмектеседі.Бассейнде жүзу жаттығулары балалардың бойындағы жылдам эмоциалық ағындарды дұрыс дамуына тамаша мүмкіндік береді. Судағы жаттығулар тәрбиеленушілердің денсаулығының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, кесте бойынша өткізіледі.Балалар жүзуден көптеген жағымды эмоциялар алады және олардың психологиялық күйіне жақсы әсер етеді.