Шрифт көлемі:
       
A
A
A
Сайттың түсі:
       
Ц
Ц
Ц
Жай нұсқа

8-705-645-06-38

8-705-645-06-53

8-705-645-06-71

8-705-645-06-92

Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары

Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары
Елорда еліміздегі ең құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан  қала болғандықтан еңбек нарығында әсіресе құрылыс саласының мамандарына сұраныс көп. Атап, айтқанда,–  прораб, шебер, тас қалаушы, арматурашы,  инженер-сметашы,  бетоншы, кран-машинисті, ТҚҰ инженері,  әртүрлі жұмыс істеуші  жұмысшылар  қажет.
Сондай-ақ, бас қалада  қоғамдық тамақтану саласының мамандары  сұранысы жоғары жұмыс түрінің көшін бастап тұр. Әсіресе, наубайшы, аспаз, түрлі тағамдар цехына аспаз, ас-үй қызметкерін іздейтіндер көп. Елордалықтардың  тәтті тағамдарға  деген қолданысы артқан. Кондитерге сұраныс көбейген.
Қазіргі  эпидахуалға байланысты   денсаулық саласының қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқалады.
Егер сіз өз мамандығыңызға байланысты жұмыс іздеп жүрген болсаңыз бос жұмыс орындары туралы мәліметтер www.enbek.kz порталында жарияланады. Сондай-ақ,  Халықты  жұмыспен қамту орталығының Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөліміне  хабарласып білуге болады. Тел:  7- 7172-72-93-50; 72-93-31;57-86-19; 8 777 116 82 76.
Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында  жұмыссыз ретінде Электронды еңбек биржасының   (www.enbek.kz) порталына   онлайн тіркелуге болады. Ол үшін  ЭЦҚ (ЭЦП) кілт  болуы керек.  Жұмыспен қамту  орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қажет құжаттар тізімі:
 Жеке куәлік;
 Білімі  туралы құжат  ( бар болса) диплом немесе аттестат)
 Еңбек кітпашасы  (бар болса)
Елорда еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын  Халықты жұмыспен қамту орталығына  2021 жыл басынан   бері  5741 азамат  жұмыс іздеп келді.   3 862 адам жұмысқа орналастырылды. Оның: 1709- тұрақты жұмысқа тұрды. Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша Қоғамдық жұмыстар бойынша – 1 806,   Жастар практикасы  -223, Әлеуметтік жұмыс орындарында -124 адам  жұмыс істеп жүр.
Электронды еңбек биржасының   (www.enbek.kz) порталына – 45 013 мекеме тіркелген. Бүгінгі күнге 1 039 мекеме жұмыскерлер іздейді.  Ол жерде  7 064  бос орын бар.
Қала тұрғындарынан бөлек, республиканың өзге аймақтарынан  жұмыс іздеп келгендер де жұмыспен қамтылады. Орталықта жұмыссыз ретінде  тіркеуде  бар  азаматтар   жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысады. Ол:  Қоғамдық жұмыстар ж/сы- 73 000т, Әлеуметтік жұмыс орындары ж/сы -35%, Жастар практикасы ж/сы-83 000теңге төленеді.   Елордадағы Жұмыспен қамту орталығы  ауыл-аймақтан келген азаматарды жұмыссыз азамат ретінде тіркей алмайды.Сондықтан олар елорда еңбек нарығындағы сұраныс бар  барлық  жұмыстарға жіберіледі.