Шрифт көлемі:
       
A
A
A
Сайттың түсі:
       
Ц
Ц
Ц
Жай нұсқа

8-705-645-06-38

8-705-645-06-53

8-705-645-06-71

8-705-645-06-92

Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Алма бағы гүлдейді!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 76 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Алма ағаштары көктемгі жаратылыстың гүлденуінде!» алма бағы отырғызылды.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қ. Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары И.В. Скуб, «Шарапат» әлеуметтік қорғау орталығының директоры Р. Ж.Баймағамбетова және мекеме қызметкерлері, сондай-ақ бұрынғы қызмет алушының мұрагері Кадацкий А.А. және Нұр-Сұлтан қ. «Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің» өрт сөндірушілері қатысты.
 Барлығы елуден астам алма көшеттері отырғызылды. Көшеттер қабылдануына сенімдеміз. Жақында Орталықтың аумағында әдемі хош иісті алма бағы гүлдейді.