Шрифт көлемі:
       
A
A
A
Сайттың түсі:
       
Ц
Ц
Ц
Жай нұсқа

8-705-645-06-38

8-705-645-06-53

8-705-645-06-71

8-705-645-06-92

Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша»

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі аймақтар бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді.

Осылайша, Нұр Сұлтан қаласында 2021 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің шекті рұқсат етілген мөлшері 1 есеге азайтылды (2019 жылдан  2020 жылға ол 2 есеге азайды).

Егер 2020 жылы Нұр Сұлтан қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 1 843 (бірінші санат – 328, екінші – 491, үшінші – 789, төртінші – 235) бірлікке белгіленген болса, биыл ол 1 777 (бірінші санат – 321, екінші – 412, үшінші – 709, төртінші – 335) бірлікті құрайды.

Осы жылдың басынан бері шетелдік жұмыс күшін тартуға 577 рұқсат берілді (қайта берілді – 300, ұзартылған – 76, қайта рәсімделген – 201):

37,3 % – менеджерлер мен білікті мамандар (1-3 санаттар): І санат – 32, рұқсат; II санат – 61; III санат – 122;

2,1 % – жұмысшы мамандықтар: IV санат – 12; 60,7% корпоративішілік ауыстыру бөлігі ретінде – 350.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың ең көп саны құрылыс компаниялары мен ұйымдары – 65,3 % (377), басқа қызметтерді ұсыну – 10,1% (58), өңдеу өнеркәсібі – 4,9% (28) экономикалық қызмет түрлері бойынша берілді.

Анықтама: 2020 жылда 1 310 276 рұқсат берілді (қайта берілді – 662, ұзартылған –292, қайта рәсімделген -357),: 1 санат – 163; 2 санат – 256; 3 санат – 427; 4 санат – 74; корпоративішілік ауыстыру бөлігі ретінде – 390.

Жұмыс берушілер (рұқсат алу үшін) 104 285 667 теңге мөлшерінде салық төледі, сондай-ақ кадрлардағы қазақстандық қамтуды 96% деңгейінде қамтамасыз етті (45 мыңнан астам қазақстандықтар ШЖК тартатын 385 кәсіпорында жұмыс істейді).

Бүгінгі таңда жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында рұқсат бойынша 1994 шетелдік жұмысшылар 68 елден келген жұмыс істейді (бірінші санат – 156, екінші – 223, үшінші – 343, төртінші –51, корпоративішілік ауыстыру бөлігі ретінде – 1221).

Шетелдік мамандардың негізгі шығу елдері: Сербия – 676 адам  (34%), Албания – 297 адам  (15%), Түркия – 246 адам (12,3%), Қытай – 126 адам (6,3%), Украина – 98 адам (5%), т.б.

Корпоративтік трансферт аясында шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде жұмыс берушілерге рұқсаттар берудің ерекше шарттары қолданылады,  осылайша бұл компанияларда 201 Қазақстан азаматы үшін қосымша жұмыс орындары құрылды.