(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Астана қаласының азаматтардыңжекелегенсанаттарынақаттыотынды сатыпалуға әлеуметтіккөмек

 

Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек 3 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (81 318 теңге)жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын, үйде тұратын оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) болып табылатын қаланың зейнеткерлерiне, мүгедектерi мен мүгедек балаларға жүргiзiледi.

Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептiк көрсеткiш (16 968 теңге)  көлемінде жүргiзiледi.

Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына (Иманбаева көшесі, 16: «Алматы» ауданы, № 1 кабинет, телефоны – 21-09-41, «Есіл» ауданы,  №4кабинет, телефоны – 21-29-88,  «Сарыарка» ауданы, №7кабинет, телефоны – 21-27-14) өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) мекенжай анықтамасы;

3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

4) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

5) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;

6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.

Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Темиргалиев Саян Талгатович                                                

Телефон 21-29-88

 

 

 

 

«Есіл» ауданының әлеуметтік жәрдемақылартағайындау бөлімінің бас маманы

«Астана қаласыныңЖұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ