(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Астана қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету бойынша ақпарат

2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегi Астана қаласында тұрақты тұратын тұрғын үй иесi немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ақшалай төлем түрінде беріледі.

Тұрғын үй көмегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) осы мақсаттарға отбасы шығыстарының шекті жол берілген деңгейінен асып кеткен жағдайда, коммуналдық және өзге де қызметтердің құнын төлеуге беріледі.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы Ережемен белгіленген норма шегінде коммуналдық және басқа да қызметтерге төлеуге тиесілі сома мен арасындағы айырмашылық, яғни хабарласқан алдындағы тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің 8 пайызы ретінде есептеледі.

Осы Ережемен белгiленген нормалардан асатын коммуналдық және басқа да қызметтердің үстеме төлемін аз қамтылған отбасылар (азаматтар) жалпы негiзде жүргізедi.

Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде отбасы құрамына бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және Астана қаласында тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.

Он сегіз жасқа дейінгі ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-ана құқығынан айырылса, балалар қамқоршының (асыраушылар) отбасында есептеледі.

Тұрғын үй көмегiн:

1) егер отбасында туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған, олардың стационарлық емдеуде бір айдан аса болған кезеңінде, бірінші және екінші топ мүгедектерiн, мүгедек балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін, жеті жасқа дейінгі бала тәрбиелеумен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке жарамды аз қамтылған отбасылар (азаматтар) болса;

2) егер ата-аналары айырылысқан, бiрақ бiрге тұратын балаларына алимент төлеу жөнiнде талап етпеген;

3) егер жеке меншiк құқығындағы тұрғын үй (пәтерi, үйi) бiр бірліктен артық болса, немесе тұрғын үй алаңдарын жалға (жалдау) тапсырған болса, аз қамтылған отбасылар (азаматтар) ресiмдей алмайды.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн аз қамтылған отбасылар (азамат) (бұдан әрi – өтiнiш иесi) өз атынан немесе отбасы атынан Басқармаға хабарласады және белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң белгіленген үлгісін алады (осы Ережеге 1-қосымша).

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішке келесі құжаттар (көшірмелер мен түпнұсқалар салыстыру үшін, түпнұсқада ұсынылатын анықтамалардан басқа) қоса беріледі:

1) тұрғын үйдiң меншiк иесiмен (жалдаушы, қосымша жалдаушы) бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң жеке басын растайтын құжаттары;

2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органымен берiлген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың болмауы (болуы) туралы анықтама;

3) тұрғын үйге құқық беретiн құжат (жекешелендiру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);

4) мекенжайлық анықтама немесе аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) тіркеу кітабы;

5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлiк;

6) отбасы кiрiстерi туралы мәлiмет;

7) еңбек қызметiн растайтын құжаттар;

8) азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органынан (жалғыз басты аналар үшiн) № 4 нысандағы анықтама;

9) тұрғын үй көмегiн тағайындауға хабарласқан айдың алдындағы айға тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

10) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

12) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы жеке меншік тұрғын үй қорында шот.

Тұрғын үй көмегi көмекке құқық туған айдан кейiн барлық қажетті құжаттармен (коммуналдық қызметтерге шот берілген айы) хабарласқан айдың алдыңғы айынан тағайындалады.

Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындаған айдан үш айдан астам коммуналдық және басқа да қызметтерге төлем жөнінде берешектер пайда болған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу пайда болған берешекті толығымен өтегенге дейін осы фактіні анықтаған айдан бастап тоқтатылады. Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі коммуналдық және басқа да қызметтер бойынша берешектер аталған жағдайда есепке алынбайды.

Тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу бiрiншi рет өтiнiш бiлдiрген айдан бастап бiр жыл ішінде осы Ереженің 10-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынумен жүргiзiледi.

Тұрғын үй көмегiн алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін, оның ішінде тұрғын үй меншiк нысанының, отбасы құрамының және оның жиынтық табысының өзгеруі, ал жұмыссыздар – мәртебесiнiң өзгеруi туралы кез келген жағдайлар жөнінде Басқармаға он күндік мерзімде хабарлайды.

Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттілігі жағдайында Басқарма өтiнiш иесiнiң тұрған жерiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.

2016 жылдың 1 қарашасы есептік кезеңнің қорытындысы бойынша 1 314 адам хабарласты, 22 467,2 теңге жалпы сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды және төленді.

Глазунова Татьяна Савельевна

Телефон 21-29-88 

        «Есіл» ауданының әлеуметтік

 бағдарламалар бөлімінің бас маманы 

«Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ