(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолөнер жұмыстары бұйымдарының республикалық жәрмеңкесі» Пресс-релиз

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласының әкімдігі Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларымен бірлесіп, 2016 жылдың5 желтоқсанында сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін «Хан  Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолөнер жұмыстары бұйымдарының республикалық жәрмеңкесі» өтеді. Аталған іс-шара «Ұлы дала елі – Тәуелсiздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндер» акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында жүргізіледі.

Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдары Қазақстан Республикасының барлық өнірлердің қолөнершілерінің қатысуымен төмендегілер ұсынылады:

– «Жас Нұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ, «Көмек» әлеуметтік көмек орталығымен (былғарыдан суреттер, ас үй әбзелдері, киіз және тоқыма бұйымдары, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар)

–  «ДОС» «Тәуелсіз өмір орталығы» ҚҚ(ағаш бұйымдар – астау, қасықтар, балшықтан жасалған бұйымдар –құмыралар,тоқыма бұйымдары, ойыншықтар)

– «Үнсіз әлем» ҚҚ (киізден жасалған бұйымдар, киізден тоқылған суреттер, кәдесыйлар, тоқыма бұйымдар, бисер мен тастардан жасалған моншақтар,

 ұлттық киім)

 

–  «Грин Тау» ҚБ  (өрілген бұйымдар және кәдесыйлар)

–  «Оңалту технологиялары және тұжырымдамалары» ҚҚ

(суреттер, ағаштан жасалған бұйымдар)

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолөнер

жұмыстары бұйымдарының жәрмеңкесі» – халықтық дәстүрлерді жаңартуға ықпал ететін жарқын мәдени оқиға, елордалықтарды қолөнершілердің шығармашылығымен таныстырады,  елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өзіне және өзінің отбасы үшін қолөнер жұмыстарының бірегей заттарын сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.

Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі шеңберінде50-тен астам шеберлерден бірегей бұйымдар ұсынылады.

Арнайы жәрмеңкеге келушілер үшін «Дос-арт» шығармашылық ұжымымен мәдени ойын-сауық бағдарламасы жүргізілетін болады. 

Үкіметтік емес бірлестіктермен өткізілетін жәрмеңке қолөнершілердің шеберлігін бағалай алатын адамдарға ізгі үлгі ретінде теңдестіріледі. 

Жәрмеңкеге қатысушылар:

«Жас Нұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ-ның төрағасы – Қызылгүл Рамазанқызы Сембина, байланыс телефоны – 87012061155;

«Көмек» әлеуметтік көмек орталығының басшысы –          Роза Жәкенқызы Балмағанбетова, байланыс телефоны – 87056768181; 

«ДОС» «Тәуелсіз өмір орталығы» ҚҚ-ның төрағасы – Дина Исламқызы Ерділдинова, байланыс телефоны – 87015506574; 

«Үнсіз әлем» ҚҚ-ның төрағасы – Мария Лұқпанқызы Төлепбергенова, байланыс телефоны – 87026152725; 

«Грин Тау» ҚБ-ның төрағасы – Эмин Халилұлы Әскеров, байланыс телефоны – 87770626362; 

«Оңалту технологиялары және тұжырымдамалары» ҚҚ-ның төрағасы  – Орынбасар Молдашқызы Күлжабаева, байланыс телефоны – 87761888555.