(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздігінің 25 жылдығының шеңберінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен өткізілген іс-шаралар туралыақпарат

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздігінің  25 жылдығына орай келесі іс-шаралар  өткізілді:

1) қаланың аудан аппараттарымен бірлесіп «Алтын алқа», «Күміс алқа»  белгілерін салтанатты табыстау іс-шарасы:

2016 жылдың 1, 3 қарашасында,2 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 343 Жарлығына сәйкес «Сарыарқа»,«Алматы»,«Есіл»  аудандары әкімі аппараттарымен 6 және одан да көп балаларды туып-тәрбиелеген 35 көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа»  белгілерімен наградталды.

Құрметті аналар, біз Сіздерді мақтан тұтамыз, Сіздер құрмет пен сый-сыяпатқа лайық жансыздар, аяулы аналардың отбасы бірлігі мен тыныштығына ұйытқы болып, ұрпақ сабақтастығын жалғастырып отырғаны ел болашағының нұрлануына жол ашады»,-«Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Асқар Есілов деп айтты.

2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар ішінен 700 аз қамтылған азаматтарға 5 мың теңгеден, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғаларға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 70 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берiледі:

Төлем ағымдағы жылдың желтоқсан айында жүргізілетін болады.

3) Сонымен қатар «25 игі істер» қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың айлығын өткізу шеңберінде отбасы, зейнеткерлер, мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлер туралы қамқорлыққа арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

1 қазан Халықаралық егде адамдар күніне орайластырылған қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы қоғамда ардагерлердің ерең еңбегі мен беделін таныту бойынша жаппай, халықаралық қозғалыс, сондай-ақ оларға жан-жақты назар аудару және көмек көрсетудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Егде жастағы азаматтар, ең алдымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қоғам өмірінде айрықша рөл атқарады. Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында, қираған шаруашылықты қалпына келтіруге, жаңа өнеркәсіп орындарын салуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді.

Елордада қарт адамдардың проблемаларына назар аударылады, олардың материалдық жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру, қазіргі замандағы әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.

Жыл сайын 1 қазанда бүкіл әлемдік деңгейде Халықаралық егде адамдар күні атап өтіледі. Астана қаласында Халықаралық егде адамдар күнін тойлау аясында ардагерлерді құрметтеу, сый-сыяпат көрсету және олардың мұқтаждықтарына тиісті көңіл бөлу дәстүрге айналып отыр.

Қаланың ұйымдары мен кәсіпорындары ардагерлерді жаппайқұттықтау, қайырымдылық акциялары, мерекелік іс-шаралар өткізілді, 30 мыңға жуық адам қамтылды.

Мұқтаждардың көбісі, жалғыз басты үйде тұратын ардагерлер сыйлықпен құттықтауларды алды, аталған іс-шараларымен «Сарыарқа» ауданында 5012 адам, «Алматы» ауданында 4890 адам, «Есіл» ауданында 2361 адам қамтылды.

– 2016 жылдың 1 қазанында «Жастар» сарайындаАстана қаласының Ішкі саясат басқармасының бірлесіпАстана қалалық ардагерлер кеңесіхалықаралық қарттар күнін мерекелеу мақсатында ардагерлерді тарту, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдерге салаутты өмір сүру маңызының үлгісін көрсету мақсатында Халықаралық қарт адамдар күніне арналған  «Жастар» сарайында «Ардагерлер салауатты өмір салты үшін»- «Ветераны за здоровый образ жизни» атты акция (флеш-моб)акциясын өткізді, 300-ден астам ардагер қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында «Жастар» сарайында «Астана қаласы мемлекеттік филармониясы» МҚКМ қолдауымен ардагерлердің көркемөнерпаздық салтанатты концерті өтті, оған «Ардагер» халықтық хоры, «Астана» бекетінің темір жол депосының «Шаңырақ» және «Алаш Аманаты» хорлары, «Шаңырақ әжелері» вокалдық топтары «Арқа әуендері» мен «Надежда» вокалдық топтар және т.б қатысты, 1000 адам қатысты.

– еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен Астана қаласының зейнеткерлері. Сонымен қатар, мәдени ойын-сауық іс шаралар (Ұлттық мұражай және т.б.) мұражайларына, («Бәйтерек» және т.б.монументі)саябағына, «Думан» мәдени-ойын сауық орталығына бару ұйымдастырылды.

– Халықаралық Қарттар күніне арналған көркем шығармашылық және қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. 200-ден астам адам қатысты.

– 30 қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін қаланың 7 мейрамханасында Сарыарқа ауданының 153 зейнеткерін, Есіл ауданының 135 зейнеткерін, Алматы ауданының 140 зейнеткерін Халықаралық Қарттар күніменқұттықтау ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде барлық қоғаммен қатар Егде адамдар күні біздің мекеме үшін өте маңызды.  Осы күні біз егде адамдар мен қарттарға сый-сыйапат көрсетумен қатар, оларға деген жылы сезімімізді білдіріп, қаншалықты оларды бағалайтынымызды және сыйлайтынымызды көрсетуге тырысамыз.

2016 жылғы 29 қыркүйек күні медициналық-әлеуметтік мекемеде 300 қарттар мен мүгедектер үшін Халықаралық егде адамдарға арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті.«Алтын жас» иегерлерін құттықтауға арнайы басқармалардың, Астана қаласы маслихатының, «Нұр Отан» Сарыарқа ауданының филиалы, Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментінің(ҚР ДС ж ӘД) өкілдері келді.

Ресми іс-шара мекеменің «Ардагер» аллеясына естелік гүл шоқтарын қоюмен басталды. Кейін концерттік бағдарлама Н. Әбдіров атындағы № 33 балабақшасы тәрбиеленушілерінің, медициналық колледжі  студеттерінің, Татар-башқұрт мәдени орталығы мен Қ. Мұңайтпасов атындағы «Олимпия резерві» спорт мектебі  тәрбиеленушілерінің қойылымдарымен  жалғасты.  Осы мереке  күні  көптеген жылы сөздер  айтылып, қонақтар өз сыйлықтарын үлкен ризашылықпен табыс еттіҚызмет алушылардың көзінен қуаныш пен шаттық білініп, олардың жүрегінде сүйіспеншілік пен жастық шақтарының сәттерін көздеріне елестеткендей әсер алды.

Мерекелік концертті тамашалауға біздің Орталықтың ұзақ жасаған кейуана Исенова Марфуға келді, ол биыл  102 жасқа толды.

Мереке өте қызықты болды, барлық қатысқандар көңілдерін көтеріп қайтты.

Осы ресми шарада Орталықтұрғындары Пронин Александр Михайлович пен Матерова Полина  Антоновнаныңотбасынқұруғасәтітүсті.Отбасылық жұпты құттықтап, оларғагүл мен естеқалатынсыйлықтартабысетілді.

Осы іс-шараның мақсаты – ол егде адамдарды құттықтап, оларға жақсы көңіл-күй сыйлап, алғыстарын білдіру.

Концерттен кейін тұрғындарға арналып мерекелік ас ұйымдастырылды.

Астана қаласының «Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ» КММ Тәуелсіздіктің 25-жылдығына және Жеңіс күніне орай «24 kz» телеарнасымен «25 игі істер» акциясы шеңберінде мекеменің аумағында 24 ағаш отырғызу ұйымдастырылды, Ерлан Кокеевтің басшылығымен ансамбль қызмет алушыларға өнер көрсетті, қарт адамдарға мерекелік үстел жасалды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қорымен, Өнер академиясының студенттерімен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен қызмет алушылар үшін «25 игі істер» акциясы шеңберінде концерт, би билеумен халықтық қыдыру ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 25-жылдығына  және Жеңістің 71-жылдығына орай мекеме қызметкерлер арасында жеңіл атлетикадан жүгіру өтті. Жүгіруге 6  команда қатысты.

«25 игі істер» акциясы шеңберінде  «Шалқар» радиостанциясы қызмет алушылармен дөнгелек үстел ұйымдастырды, онда бас редактор, ақын Серік Сейтман, журналист-жазушы Темірхан Туркестан, сондай-ақ Сәрсенғали Жүзбай, Рүстем Жүніс, Нұрмат Мансұр и Талант Арынғали айтыскерлер қатысты.

«25 игі істер» акциясы шеңберінде қызмет алушылар Максимовка аулындағы демалыс аймағына барды. Демеушілері «Қайрымды жандар» қайырымдылық қорының еріктілер болды.

Астана қаласының барлық емханаларында, отбасылық денсаулық медициналық орталықтарында невропатологпен, кардиологпен, терапевтпен, хиругпен және басқа мамандармен тегін кеңес жүргізумен «Ашық есік күндері» (7600 адам қамтылды) ұйымдастырылды (қаралу жүргізілді және профильдік мамандармен кеңес берілді; скринингтік тексеру жүргізілді), ақпараттық-білім беретін материалдар (3500 буклет, жадынамалар, брошюралар) таратылды, денсаулық сақтау мекемелерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар мен түрлі іс-шараларға 11мың  шамасында адам қатысты.

Білім беру, туризм, дене шынықтыру және спорт ұйымдарымен іс шаралар қатары ұйымдастырылды, 2000 адам қамтылды. Іс шараны өткізудің мақсаты – үлкенге құрмет, мейірімділік сияқты мінез-құлыққатәрбиелеу.

Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ әр жыл сайын, зейнеткерлікке шыққан кітапхана ісі еңбек ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтау дәстүрге айналған. Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасынада бұл күні ОКЖ КММ әкімшілігі зейнеткерлікке шыққан кітапхана ісі еңбек ардагерлеріне «Өмірдің күзі – Алтын шақ» атты кеш өткізді. Орталық балалар жасөспірімдердің кітапханасында ОКЖбарлық зейнеткерлері жиналды. Сондықтан осы күні кітапханашылар кездесулер ұйымдастыруға тырысты, онда әр түрлі ұрпақтар кездестірілді.

Оларға әдеби коллаж, ойын-сауық, сұрақ-жауаптар және музыкалық әндер тарту етілді.  Кездесудің қатысушылары көп оң эмоциялар алды. Біздің қонақтарымыз үшін дастархан мәзірі жайылды, кәсіподақ  комитеті зейнеткерлерге арналған сыйлықтарын тарту етті.

Күнделікті қарбалас өмір, жұмыс және өмір қарқыны  барлығы бір бірімізге деген ілтипат пен көңіл бөлуден алшақтата түсуде.Сондықтан Қарттар күні адамдарға жылы көңіл бөлу олармен әңгімелесу күніне айналды. Осындай кездесу-кештер басқада кітапханаларда орын тапты.

№ 5 балалар кітапханасы өткізген «Әже, ата, біз сіздерді жақсы көреміз» атты қайырымды істер  кеші  өте қызықты өтті.

№ 15 көпшілік кітапханасы Құттықтау көрмесін ұйымдастыра отырып, Қарттар күніне  « Ұрпақтар +»  «Әдемі қартая білесіз бе?»  жобасы бойынша мерекелі кешті  Промышленный кенті Ардагерлер кеңесімен бірлесе  өткізді.

Мейірімділік сабағы«Алақанда аялайық, қарттарымызға әжім салмайық»  №12 көпшілік кітапханасында   өтті.  Сонымен қатар олар өздерінңі жаскездерін, балаларымен немелерінің қызықты шытырман оқиғаларымен қылықтарын еске алды, бос уақыттары қалай өткізетіндері туралы бөлісті.   Кішкентай бүлдіршіндер ата-ажелеріне арнаған өлеңдерін оқып берді.

 №14 көпшілік кітапханасында «Бұл күн даналық күні деп ат алады»  атты демалу кеші «Железнодорожник» әкімшілігімен бірлесе өткізілді.

№5 көпшілік кітапханасы «1 қазан – Қайырымдылық және сыйласымдық күні» атты музыкалық кешін өткізді, осы тақырыпқа кітап көрмесін ұйымдастырды. Қатысушыларға арналып концерт ұйымдастырылды, сыйлықтар берілді.

Ересек ұрпақ адамдарын маңызды қолдау Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен көрсетіледі. Астана қаласында 71 мыңнан астам зейнеткер тұрып жатыр, оның ішінде 66 мың жасы бойынша зейнеткер.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 шілдедегі № 250/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатының есебінен қарт адамдарды қолдауда қомақты үлес қосып келеді.

– 67648 адамға – жасы бойынша зейнеткерлерге (ең төмен зейнетақы алушылардан басқа)5000 теңгеден біржолғы материалдық көмек;

– барлық қалалық жолаушылар көлігінде тегін жол жүру, сондай-ақ тегін тіс протездеу қызметтері көрсетіледі.

– Астана қаласы әкімдігінің «Қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығымен» жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 35% төлеу және ең төменгі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25% төлеу арқылы шипажайлық-курорттық емделу қызметтері ұсынылады. Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша1800 зейнеткер «Қатаркөл» шипажайында сауықтыру алды.

Астана қаласының әкімдігі Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларымен бірлесіп, 2016 жылдың  5 желтоқсанында «Хан  Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолөнер жұмыстары бұйымдарының республикалық жәрмеңкесі» өтті.

Аталған іс-шара «Ұлы дала елі – Тәуелсiздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндер» акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында жүргізілді.

Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдары Қазақстан Республикасының барлық өнірлердің қолөнершілерінің қатысуымен төмендегілер ұсынылды:

– «Жас Нұр» саңыраулар қауымдастығы» ҚБ, «Көмек» әлеуметтік көмек орталығымен (былғарыдан суреттер, ас үй әбзелдері, киіз және тоқыма бұйымдары, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар)

– «ДОС» «Тәуелсіз өмір орталығы» ҚҚ (ағаш бұйымдар – астау, қасықтар, балшықтан жасалған бұйымдар –құмыралар,тоқыма бұйымдары, ойыншықтар)

– «Үнсіз әлем» ҚҚ (киізден жасалған бұйымдар, киізден тоқылған суреттер, кәдесыйлар, тоқыма бұйымдар, бисер мен тастардан жасалған моншақтар, ұлттық киім)

–  «Грин Тау» ҚБ  (өрілген бұйымдар және кәдесыйлар)

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолөнержұмыстары бұйымдарының жәрмеңкесі» – халықтық дәстүрлерді жаңартуға ықпал ететін жарқын мәдени оқиға, елордалықтарды қолөнершілердің шығармашылығымен таныстырды,  елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өзіне және өзінің отбасы үшін қолөнер жұмыстарының бірегей заттарын сатып алу мүмкіндігі ұсынылды.

Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі шеңберінде 50-тен астам шеберлерден бірегей бұйымдар ұсынылды.

Арнайы жәрмеңкеге келушілер үшін «Дос-арт» шығармашылық ұжымымен мәдени ойын-сауық бағдарламасы жүргізілді.

Үкіметтік емес бірлестіктермен өткізілетін жәрмеңке қолөнершілердің шеберлігін бағалай алатын адамдарға ізгі үлгі ретінде теңдестіріледі.