(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар 

отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасына сәйкес аталған әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жыл ішінде тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде ұсынылады.

Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мөлшері 6, 5-айлық есеп көрсеткішін құрайды және отбасы табысына қарамастан тағайындалады. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің куәландыру көшірмесі азаматтардың әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдіруі үшін негіз болып табылады.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша ата-ананың біреуіне немесе оған теңестірілген адамның өтініші бойынша тағайындалады және төленеді.

Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)    әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);

3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;

4) Астана қаласының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің тәрбиелеу немесе оқыту мерзімінің көрсетілуімен мүгедек баланы үйде тәрбие және/немесе қажеттілігі туралы анықтама;

5) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің берген мүгедектігі туралы анықтама (түпнұсқасы мен көшірмесі);

6)өтініш берушінің жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);

7) үйде оқитын балаға мектептен анықтама (түпнұсқасы);

8) қамқор кісінің (қамқоршы) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш қамқорлық (қамқоршылық) белгілеу туралы тиісті орган шешімінің көшірімі қоса беріледі.

«Астана қаласының Бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттiлiгi туралы қорытындысында көрсетiлген мерзiмде, бірақ оны алуға құқығының пайда болған уақытынан бұрын емес, әлеуметтiк көмектi тағайындауға хабарласқан айдан бастап жүзеге асырылады».

Өтініш білдіру айы қажетті құжаттармен өтініш берген ай болып есептеледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2)  көрсетілетін қызметті беруші;

3) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау туралы ақпарат алған кезде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

                                                                                              Г.Ахметова

                                                        «Алматы» ауданының әлеуметтік

жәрдемақылар тағайындау бөлімнің

бас маманыАстана қаласының Жұмыспен қамту,еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы

т. 21-09-41