(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ағымдағы жылғы 8 айдағы корытындылары бойынша ақпарат

Басқарманың маңызды міндеттері – нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Астана қаласы халқының әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясаттты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқармасымен 21 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі , оның ішінде: Баламалы негізде «ХҚКО» РМК филиалдары және «Электрондық үкімет» веб-портал арқылы 12 түрлі мемлекеттік қызмет, баламасыз негізде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы келесі    9 қызметтер көрсетіледі:

Жыл басынан Басқармамен 80399 мемлекеттік қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорациясымен – 11278 қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту саласында – 20535 қызмет көрсетілді, көші-қон саласында– 6201 қызмет, әлеуметтік салада – 53663.

110 мыңнан астам адам 3 млрд жуық жалпы сомаға әлеуметтік көмекпен қамтылады.

Қазіргі уақытта 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша халықты ақпараттандыру жұмыс жүргізіледі, тұрғын үй алаптарында,  қаланың ұйымдары мен еңбек ұжымдарында халық арасында 194 кездесулер өткізілді, 12965 адам қамтылған.

Бүгінгі күні оңалту қызметтер 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрсетілді.

Басқарма стационар, соңдай-ақ жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 8 ведомствоға қарасты мекемелерінің қызметтерін үйлестірушісі болып табылады:

«Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (2017 ж. 1.09. – 354 адам қамтылды);

– «Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (2017 ж. 1.09. – 250 адам қамтылды).

– «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (2017 ж. 1.09. – 264 адам қамтылды);

– Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы (2017 ж. 1.09. – 1456 адам қамтылды);

– Қарттарға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы (2017 жылы 5 мыңнан астам адамдарды қамту жоспарлануда, 2017 ж. 1.09. – 3831 адам қамтылды);

– Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қауіпі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы (2017 ж. 1.09. – 265 адам, оның ішінде 83 әйелдер);

– Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы;

– Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (2017 ж. 1.09. – 906 адам).

Арнаулы әлеуметтік қызметтерімен жалпы қамтылған тұлғалардың саны 3772 адамды құрады.

Үкіметтік емес ұйымдармен арнаулы әлеуметтік қызметтерімен 260 мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар қамтылды. 

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

2012-2017 жылдар аралығында 1106 объект паспортталды.

2017 жылы объектілерді бейімдеу кестесі әзірленді және бекітілді, 2017 жылға арналған бейімдеу жоспары – 774 объект (248 – «Алматы», 327- «Сарыарқа», 199 – «Есіл» аудандары аумағында).

Бүгінгі күні (мәдениет, спорт, денсаулықты сақтау, шағын және орта бизнес объектері) 468 объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өткізілді, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне халықтың ұтқырлығы аз топтардың қолжетімділік ортасын қамтамасыз ету бойынша жұмыс 306 объектерде жүргізілуде.

 

Жұмыспен қамту

Жұмыссыздықпен қарсы күрес бойынша белсенді шараларды қолдану жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2017 жылдың  2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрайды (4,7% жоспарында). Елорда жұмыссыздық бойынша ең төмен деңгейімен көшбасшы позициясын иеленді, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,4 %-ға төмен. Жастар арасындағы (15-28 жастағылар) – 4,5% (4,7% жоспарында) және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6% (4,9% жоспарында) құрайды.

8 ай қорытындылары бойынша мемлекеттік көмек көрсету шараларымен 20219 адам (жыл жоспарында 21730 адам) қамтылды және   93% құрады.

 8 ай қорытындылары бойынша

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша хабарласқан санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 58,3 пайызды құрады. Жұмыс іздеуде хабарласқандардыңм саны – 11536 адам, 6725 – жұмысқа (3882- тұрақты орындар, 223 – уақытша орындар, 695 – жастар практикасына, 186 – әлеуметтік жұмыс орындарға және 1739 – қоғамдық жұмыстарға) орналасты.

Бос жұмыс орындары бойынша деректер қоры күн сайын жаңартылады (бүгінгі күні деректер қоры бойынша 1043 жұмыс берушілерде 3168 бос жұмыс орындары, оның ішінде 8158-ден астам бос жұмыс орындары бар).

Жана жұмыс берушілерді тарту бойынша белсенді жұмыс бос орындар бойынша деректер қорын толықтыру мақсатында жүргізіледі. Аталған жұмыста жұмыс берушілермен жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізетін  мемлекеттік еңбек инспекторлары көрсетеді.

Еңбек инспекциясы

2017 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларымен (15 бірлік) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша ұйымдарда 578 тексеру жүргізілді (орташа бір еңбек инспекторына 38 тексеру). 620 бұзышылық анықталды. Бұзушылықтарды жою туралы 383 ұйғарым берілді.

Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 31 856 760 теңге сомасында 193 лауазымды және заңды тұлға тартылды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тексеру және қарастыруды жүргізуден басқа еңбек инспекторларымен өндірісте болған өлімге әкеліп соққан жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілді.

Астана қаласында жылдың басынан өндірісте 49, оның ішінде өлімге әкеп соққан 16, ауыр зардаптарға әкеп соққан 31жазатайым оқиға болды.

Барлық  жазатайым оқиғалар, оның ішінде өлімге әкеп соққан оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексерулер жүргізілді, олардың нәтижелері нақты кінәлі тұлғаларды анықтаумен (ЖШС директорларын, техника қауіпсіздігіне жауапты бас инженерлер мен учаскелерінің бастықтарын) Астана қаласының ІІД-не процессуалдық шешім қабылдау үшін тапсырылды.

Астана қаласы кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында қақтығыс жағдайларды болдырмау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде.   Талдау бойынша қақтығыс жағдайлардың негізгі мәселесі қызметкерлерге жалақыны төлеудің кешіктірілуі болып табылатынын көрсетеді.

Бүгінгі күні еңбек шарттары шеңберінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмыскерлері арасында жалақы бойынша мерзімі өткен берешек бөлігінде Астана қаласы бойынша қандай да бір қақтығыс жағдайлар тіркелмеген (жалақыны кешіктірудің жеке бірыңғай фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылданады және бұл ошақтар оқшауланады).

Мысалы, айыппұл санкцияларын салмай оларды жою туралы ұйғарымды шығарумен бұзушылықты анықтау тұрғысында объектілерге баруды жүзеге асырамыз, яғни мәжбүрлеу және ұсыну сипатындағы әдіспен жұмыс істейміз.

Жұмыс берушілер мен кәсіподақтармен ынтымақтастық туралы 18 156 меморандумға қол қойылды.