Құрметті қала тұрғындары!!!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт және құт береке тілеймін! 

Әлеуметтік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін шешу, осының куәсі олардың құрметіне өткізіліп отырған мереке болып табылады.

Мүгедектерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін ұсынылатын қоғамға мүгедектерді әлеуметтік кіріктірудің кешенді шарасы болып табылатын бірқатар іс-шараларды атап өтуге болады:

-  техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, оның ішінде  тифло-сурдотехникалық құралдар, кресло-арбалар, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

-   жеке оңалту бағдарламасына сәйкес шипажайлық-курорттық емделу, жүріп-тұруында қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;

-  қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру үшін тегін жол жүру билеттерін ұсыну;

-  үйде тәрбиелейтін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету;

-  Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн бала жасынан мүгедектер ішінен жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiне ақшалай төлемдерді ұсыну;

тегін тіс протездеу, қатты отынды сатып алуға өтемақы қызметтері көрсетіледі.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі 18 мыңға жуық алушыларға 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

- ағымдағы жылдың басынан Астана қаласы бойынша  2 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар Боровое ауылындағы «Қатаркөл» шипажайында сауықтыру алды.

Мүгедектер күніне орай барлық қала ұйымдарымен, оның ішінде Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Құрметпен, Астана қаласы

Жұмыспен қамту, еңбек және

әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы

Ермек Оспанов